"Боз бала мен бойжеткен" байқауының сценариі
«Бозбала мен бойжеткен» байқауының сценарийі.
(Сахна тақырыпқа сай безендірілген, лэдэкранда тақырып аты, залда әуен ойнап тұрады)
Өтетін орны: Жайсаң арнайы білім беру ұйымының АКТ залы.
Өтетін күні:
Сағ:
Жүрг: Қайырлы күн ханымдар мен мырзалар! Еліміздің ең керемет мерекесі Әз - Наурыз қарсаңында және ҚР Тәуелсіздігінің 31 жылдық, қара шаңырағымыздың 100 жылдығы мерейтойлары аясында ұйымдастырылып отырған «Бозбала мен бойжеткен - 2022» байқауына қош келдіңіздер!
Наурыз мейрамы - ел мен елді, ұлыс пен ұлысты біріктіріп қоймайды, осы бір көктемніңшуақты мейрамы бабалар рухына тағзым етіп, салт - дәстүр, әдет - ғұрып, рухани құндылықтарды да сақтауда орны ерекше.
Оған Сіз бен Біз бүгінгі байқауымызда куә боламыз. Мейрам баршаңызға құтты болсын!
(Лэдэкранда жұптардың суреттері мен аттары көрсетіледі)
Ендеше, Сіздердікөп күттірмей, қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы жұптарымызды ортаға шақырайық.
1.
2.
3.
4.
Жүр: Олай болса бүгінгі байқауымызды бағалайтын әділ - қазылар алқасының мүшесімен таныстырып кетейік.
1.___
2.
3.
Байқаудың кезеңдерімен таныс болыңыздар!
1. «Біз - бозбала, бойжеткен»( өзін - өзі таныстыру, қалауыңыз бойынша ән, би, қойылым, бейнеролик ) 3 минут
2. «Қазақтың салтын, сақтаған көркем...» ұлттық салт - дәстүрден қойылым: 3 - мин
3. «Нұрлы талант» өз өнерлерін көрсету; 2 - минут
4. «Білімдінің күні жарық» интеллектуалдық сайыс
5. «Сән салтанаты» киім үлгісі:
Жүрг. Ата - бабамыз «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы» болсын деп, бозбала бойына билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, зергерлік, аңшылық өнерді дарытып отырса, «Қызға қырық өнерде аз» деп, қыз баланы жастайынан кесте тігуге, ою оя білуге, ас әзірлеу сияқты алуан өнерге баулып отырған.
Иә, ата - бабаларымыздың айтуына сүйенсек, қазақ бозбаласы мен бойжеткені осы қасиеттерді бойына сіңіре білген. Ал, біздің бүгінгі сайысқа қатысушы жұптарымыз бұны қаншалықты дәлелдей алады?!
Сайысымыздың алғашқы кезеңі«Біз - бозбала, бойжеткен» ( өзін - өзі таныстыру, қалауыңыз бойынша ән, би, қойылым, бейнеролик ) 3 минут
Қатысушылар:
Жүр: Қазақтың тәлім - тәрбие тарихы - халқымыздың теңдесі жоқ даналықтың қасиетті мектебі десек артық айтқандық емес. Ақсақалдардың ақылын тыңдау, жөн сөзге тоқтау, үлкеннің айтқанын иек қаққызбай тыңдау - инабаттылықтың, кішіпейілділіктің, бауырмалдылықтың көрінісі. Байқауымыздың да мақсаты - осындай халқымыздың салт - дәстүрлерін ұмыт қалдырмай жалғастыру.
Ендеше, байқауымыздың 2 - кезеңі»«Қазақтың салтын, сақтаған көркем...». Ұлттық салт - дәстүрден қойылым көрсету. 3 - мин
Қатысушылар:
Жүрг: Өнер – халық тарихының шежіресі.. Сөз, әуен, қолөнер адам өмірінің сан ғасырдан келе жатқан қол жетпес мұрасы. Қазақ халқының тіршілігі мен салт - дәстүрі, сана - сезімі, өмір сүрген ортасы, әдет - ғұрпы арқылы ұлттық өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, болашақ үшін тарихи мәртебеге айналды.
Міне, бүгінгі ұрпақ соның куәсі.
Ендеше, сайысымыздың келесі кезеңі: «Нұрлы талант» бұл кезеңде қатысушы жұптар өз өнерлерін ортаға салатын болады. 2 - минут
Қатысушылар:
Жүр: Қатысушы жұптарымызға көп - көп рахмет. Сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашаладық, енді жұптарымыздың қаншалықты білімді екенін тексеріп көрелік. Сайыс кезеңі үшін барлық жұптарымызды Сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырғым келіп тұр.
Қатысушылар:
Сайысымыздың 4 - кезеңі «Білімдінің күні жарық»интеллектуалдық сайысы. Назарларыңызға экраннан сұрақтар легі беріледі. Қалауыңыз бойынша саланы таңдап, сұрақтарға жауап бере аласыздар. Әр жұпқа 3 сұрақтан қойылады. Сұрақтарға вариант берілмейді. 1 мүмкіндік болады. Ол - көрермен көмегі.
Бәрі түсінікті болса, сайысымызды бастайық.
Жүр: Сайысымыздың шешуші және соңғы кезеңі «Сән салтанаты» кезеңі. Жұптарымыз ұлттық киім үлгілерін көрсететін болады. Ендеше, алдарыңызда қатысушы жұптар:
Жүр: Қымбатты көрермен қауым бүгін өте тамаша өнер кеші, жақсы сайыс болды. Талабы таудай талапкерлерімізге әділ баға беру үшін әділ - қазылар алқасына сараптауға уақыт береміз.
Қорытынды сөз кезегі бүгінгі әділ - қазылар алқасына беріледі.
Құрметті әріптестер, ұстаздар келесі кездескенше қош сау болыңыздар. Мереке тағы да құтты болсын!