"Екі жұлдыз" байқауының сценариі
«Екі жұлдыз» байқауының сценарийі.
(Сахна мерекеге сай гүл, банер, ленталармен, шарлармен безендірілген, әуен ойнап тұрады)
Өтетін орны: Жайсаң арнайы білім беру ұйымының АКТ залы.
Өтетін күні:
Сағ:
(ВИДЕО)
Жүр: Армысыздар, қадірменді қонақтар!
Жүр: Қайырлы күн, құрметті әріптестер және ән сүйер қауым.
Жүр: 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні, Қазақстан халқының тойы, мемлекетіміздің мерейлі мерекесі. Мереке құтты болсын!
Жүр: Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды.
(ВИДЕО)
Жүр: Құрметті қонақтар Мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған «Екі жұлдыз» байқауына қош келдіңіздер. Бұл байқау жыл сайынғы үрдіске айналған байқау десек те болады, себебі «Екі жұлдыз» байқауы Жайсаң арнайы білім беру ұйымында 4 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Биылғы «Екі жұлдыз»байқауының ерекшелігі байқауға басқа мекемелерден жұптар қатысады. Олай болса, қатысушыларға сәттілік тілей отырып «Екі жұлдыз» байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүр: Қазақтың қасиетті даласында
Думанда ауыл аймақ арасында
Қызықтап көрермендер жиналыпты
Қошемет көрсетуге баласына, — дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы жұптарымызды ортаға шақырайық.
1. Жайсаң жалпы орта білім беру мектебі - Базаров Мейрамбек Надырұлы - педагог ұйымдастырушы және Амирова Жұлдыз Асқарқызы - педагог психилог
2. Мәртөк ауданының психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті - Тынысбаев Ерлан Энуарбекович - психолог және Есбусинова Бакытгул Мирболатовна - әлеуметтік педагог
3. Жайсаң көпсалалы колледжінен – Кузясова Тілектес – медбике және Дьяченко Наиля - тәрбиеші
4. Жайсаң арнайы білім беру ұйымы - Блинова Нургуль Тулегеновна — тәрбиеші және Мураткалиева Абдулина Абдуалиевна - тәрбиеші.
1жүр: Олай болса бүгінгі байқауымызды бағалайтын әділқазылар алқасының мүшесімен таныстырып кетейік.
1___Мәртөк аудандық Мәдениет Үйінің әншісі Есенжол Амиров
2.___Мәртөк аудандық отбасылық үлгідегі балалар үйінің директоры Гүлнұр Бекжанова
3. ___ Мәртөк аудандық Мәдениет Үйінің әншісі Ақзия Закенова
Талаптар:
Әр мекемеден 1 жұп қатысады
Әр жұп 2 ән орындауы қажет:
1. Бөлім Патриоттық ән
2. Бөлім - Заманауи хит ән
Жүр: Әр әнге әннің мағынасын ашатын сахналық қойылым немесе бимен көркемделу қажет. (Сахналық қойылым немесе биге: жұптардың өздері немесе сол топтың қызметкерлері қатысады).
1жүр: Қазақ әндері көбінесе төрден төмен түсіп, аяқ жағалап кетпейді. Керісінше Құралайды көзге атқан қас мергенше жүрекке тиеді. Жүрекке жеткен санаға сәуле сепкен салмағы сары алтындай, өзіміздің рухани құндылығымызды оятып, патриоттық жігер - қайратымызды шыңдай түседі. Олай болса, бірінші тапсырма бойынша қазіргі таңдағы потриоттық әндер тақырыбындағы әндерге кезек берелік.
1жүр:
Ал, ендеше 1 нөмірлі қатысушы жұбымыз - Жайсаң жалпы орта білім беру мектебінен - Базаров Мейрамбек Надырұлымен Амирова Жұлдыз Асқарқызын ортаға шақырамыз. Ән «Туған жерім»
2 - ші нөмірлі жұбымыз - Жайсаң көпсалалы колледжінен – Кузясова Тілектес – және Дьяченко Наиля – Ән «Жаса қазағым»
3 - ші жұбымыз - Мәртөк ауданының психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті - Тынысбаев Ерлан Энуарбекович пен Есбусинова Бакытгул Мирболатовна Ән«Қазақстаным»
4 - ші жұбымыз - Жайсаң арнайы білім беру ұйымы - Блинова Нургуль Тулегеновна мен Мураткалиева Абдулина Абдуалиевна. Ән «Атамекен»
1жүр: Осымен байқауымыздың І туры аяқталды. Сонау жылдардан бері қәзіргі таңға дейін қаншама әндердің ішінен құлағымыздан кіріп жүрегімізге ұялаған әндер жетерлік. Бұл әндер мәңгі санамызда қалатыны анық. Ендеше байқауымыздың ІІ кезеңі бойынша Заманауи ХИТ әндерге кезек берелік....
1жүр:
Ал, ендеше 1 нөмірлі қатысушы жұбымыз Жайсаң жалпы орта білім беру мектебінен - Базаров Мейрамбек Надырұлымен Амирова Жұлдыз Асқарқызын ортаға шақырамыз. «Обернитесь»
2 - ші нөмірлі жұбымыз - Жайсаң көпсалалы колледжінен – Кузясова Тілектес – және Дьяченко Наиля – «Beverly hills»
3 - ші жұбымыз - Мәртөк ауданының психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті - Тынысбаев Ерлан Энуарбекович пен Есбусинова Бакытгул Мирболатовна «Уәде қайда»
4 - ші жұбымыз - Жайсаң арнайы білім беру ұйымы - Блинова Нургуль Тулегеновна мен Мураткалиева Абдулина Абдуалиевна. «Он сегізбен, жиырма бес»
Ойын:
1жүр: Қымбатты көрермен қауым бүгін өте тамаша өнер кеші, жақсы сайыс болды. Талабы таудай талапкерлерімізге әділ баға беру үшін әділқазылар алқасына сараптауға уақыт береміз.
1жүр: Қортынды сөз кезегі бүгінгі әділқазылар алқасына беріледі.
1жүр: Құрметті әріптестер, ұстаздар келесі кездескенше қош сау болыңыздар. Мереке тағы да құтты болсын!