Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
"Менің қиялымдағы Қазақстан"
Мақсаты: Білімділік: тақырыптың мағынасын ашу, сурет салып үйрету.
Дамытушылық: танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту.Ой-қиялдарының шарықтауына ықпал ету.
Тәрбиелік: отансүйгіштікке, еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Елестете отырып сурет салуға,бастаған істерін аяқтауға, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру,көрсету,жеке баламен жұмыс.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа назарын аудару, оқу құралдарын түгелдеу

ІІ.Негізгі бөлім:
«Менің қиялымдағы Қазақстан»
Ой қозғау:
1. Қазақстан туралы не білесіңдер?
2. Қазақстанның астанасы қай қала?
3. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?

Мағынаны тану:
«Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз болу еркіндік. Тәуелсіз болу - өз еркімен өмір сүру деген сөз. Қазақстандық әрбір азаматтың ұнаған мектепте, жоғары оқу орнында білім алуға, қалаған мамандығын таңдауға, сүйікті ісімен айналысуға, ауырып қалса емделуге, демалуға, спортпен айналысуға және де басқа да көптеген нәрсені өздері таңдап алуға құқығы бар.
Қазір мына сөз жұмбақты шешіп көрейік.
1.Көмір шығаратын облыс?
2.Қазақстан Республикасының президентінің есімі кім?
3.Күрішті қай облыс көп егеді?
4.Ең мұнайға бай облыс?
5.Астананың бұрынғы аты?
6.Абайдың туған қаласын ата?
7.Желтоқсан оқиғасы қай қалада болды?
8.Ысмаиловтың сұлу табиғатты бейнелеген шығармасы қалай аталады?
9.Мақта егетін облыс?

Қарағанды
НұрсұлтАн
ҚыЗылорда
МАңғыстау
АҚмола
Семей
ХАнтәңірі
ШымкеНт

Қандай сөз шықты? Олай болса, біз қазір «Менің қиялымдағы Қазақстан» тақырыбы бойынша сурет саламыз.
Балалардың жұмысына көмектесу, жеке баламен жұмыс жүргізу.
Қорытынды: Балалардың салған суреттері бойынша әңгіме жүргізу.
Салынған суреттерден көрме ұйымдастыру

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама