Рахмет саған, Әліппе!
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті,
№7 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі
Сүюндікова Жанат Бекқожақызы
1 - сынып
Тақырыбы: Рахмет саған, Әліппе!
Мақсаты: Әліппеден алған білімдерін тексеру, оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, ана тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Іс - шара жоспары:
Әнұран
Мұғалімнің құттықтау сөзі:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата - аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! «Әліппе бітіру»мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Өсті міне бойларың
Өсті, міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
Сұлтан: Ассалаумағалейкум, уа халайық!
Айым: Армысыздар, ардақты әкелер мен аруана аналар.
Сұлтан: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.
Айым: Осы біздер қандаймыз?
Сұлтан: Мың бұралған бишіміз
Айым: Біз қызықпыз, қызықпыз.
Сәл еркелеу бұзықпыз.
Сұлтан: Біз шеберміз
Ақылдымыз
Айым: Үлкенге ізеттіміз
Кішіге қамқоршымыз
Сұлтан: Көп оқимыз
Терең оқимыз
Айым: Өнерліміз
Жанып тұрған шырақпыз
Толқынды су бұлақпыз
Сұлтан: Елімізді өркендетін
Қазақ тілін көркемдететін
Айым: Бабаларға тағзым ететін
Аналарға бас иетін.
Сұлтан: Елтаңбасымен еңселі
Туымен тұғырлы
Әнұранмен айбатты
Хормен: «Біз өмірдің гүліміз!»
Айым:
- Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.
Сұлтан:
- Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі, әңгімені де өз бетімше оқи аламын.
Айым:
- Біз көп нәрсені - кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік.
Сұлтан:
- Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар хормен:
Болашаққа жол ашар,
Ол - сүйікті Әліппе,
Ол - сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе
Әліппе ортаға шығады:
- Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Хор. Әліппе
1 - оқушы: Сабина
Ең алғаш алғанымда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
2 - оқушы: Дамир
Үйретіп мұғалім бізге Әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ақыл - ойы, мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
3 - оқушы: Инабат
Әке, шеше, атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе.
Бізге жақын нағыз сен,
Сенен білдік әріпті.
4 - оқушы: Димаш
Ізгілікті ойға татитын,
Шәкірт боп үздік оқитын,
Әліппе атты кемемен,
Кеземін білім мұхитын.
5 - оқушы: Аяулым
Үйретті бізді Әліппе,
42 дербес әріпке,
Сөз, сөйлем құрап әріптен
Лайық болдың дәріпке.
6 - оқушы: Дамир
Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші
Ал, осының сыры неде, түсінші?
7 - оқушы: Азатбек
А деген – ол аналар ғой ардақты
Ә деген – ол әкелер ғой салмақты
Б деген – ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Сондықтан да расында
Тұрады олар алфавиттің басында.
Мұғалім:
- Балалар, өнер - білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып - үйрендік. Әріптерден сөз құрауды үйрендік.
О Т А Н:
О: Отан - сенің ата - анаң
Отан - досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң
Отан – аудан, ауылың
Т: Тәуелсіз ел – тұрағым,
Тәуелсіздік – жыр - әнім.
А: Адамдықтың белгісі – адам болып өскенің,
Н: Наның - нәрің
Найзаң – қаруың
Намысың - аруың
МЕКТЕП:
М Сұлтан: Мүсінші болар Мүсілім.
Маралдың жасап мүсінін.
Мұражайға мектептің,
Мұны тарту етпекші.
Е Аружан: Есенкелді есті екен,
Ерке Ерланға ермеді.
Ерте тұрып есікпен
Еден сырлап ерледі.
К Димаш:
Көктем келіп, құлпырып
Дала гүлге оранды
Кемпірқосақ керіліп,
Әдемі күйге енді
Т Зере: Бастайды ол таңды да,
Бастайды ол талды да.
Келіп тұрған қай дыбыс
Тау мен тастың алдында?
Е Ямин: Есейіп кіші балғындар,
Елге қызмет жасады.
Ертең сенің алдыңнан
Есігін мектеп ашады.
П Сабина: Парта десе бірінші
Әріп десе соңғысы.
Бұл қай әріп екенін
Өзің қарап түсінші.
Әлішер: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Зере: Мектебім - білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулисың 4жыл бойы ата - анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Ерасыл: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Ямин: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Аяулым: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Сабина: Мектеп – үйім, ұстазым менің – ата - анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып, сан тарапқа тараған.
Бәрі бірге:
Толық нұсқасын жүктеу
№7 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі
Сүюндікова Жанат Бекқожақызы
1 - сынып
Тақырыбы: Рахмет саған, Әліппе!
Мақсаты: Әліппеден алған білімдерін тексеру, оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, ана тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Іс - шара жоспары:
Әнұран
Мұғалімнің құттықтау сөзі:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата - аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! «Әліппе бітіру»мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Өсті міне бойларың
Өсті, міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
Сұлтан: Ассалаумағалейкум, уа халайық!
Айым: Армысыздар, ардақты әкелер мен аруана аналар.
Сұлтан: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.
Айым: Осы біздер қандаймыз?
Сұлтан: Мың бұралған бишіміз
Айым: Біз қызықпыз, қызықпыз.
Сәл еркелеу бұзықпыз.
Сұлтан: Біз шеберміз
Ақылдымыз
Айым: Үлкенге ізеттіміз
Кішіге қамқоршымыз
Сұлтан: Көп оқимыз
Терең оқимыз
Айым: Өнерліміз
Жанып тұрған шырақпыз
Толқынды су бұлақпыз
Сұлтан: Елімізді өркендетін
Қазақ тілін көркемдететін
Айым: Бабаларға тағзым ететін
Аналарға бас иетін.
Сұлтан: Елтаңбасымен еңселі
Туымен тұғырлы
Әнұранмен айбатты
Хормен: «Біз өмірдің гүліміз!»
Айым:
- Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.
Сұлтан:
- Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі, әңгімені де өз бетімше оқи аламын.
Айым:
- Біз көп нәрсені - кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік.
Сұлтан:
- Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар хормен:
Болашаққа жол ашар,
Ол - сүйікті Әліппе,
Ол - сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе
Әліппе ортаға шығады:
- Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Хор. Әліппе
1 - оқушы: Сабина
Ең алғаш алғанымда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
2 - оқушы: Дамир
Үйретіп мұғалім бізге Әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ақыл - ойы, мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
3 - оқушы: Инабат
Әке, шеше, атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе.
Бізге жақын нағыз сен,
Сенен білдік әріпті.
4 - оқушы: Димаш
Ізгілікті ойға татитын,
Шәкірт боп үздік оқитын,
Әліппе атты кемемен,
Кеземін білім мұхитын.
5 - оқушы: Аяулым
Үйретті бізді Әліппе,
42 дербес әріпке,
Сөз, сөйлем құрап әріптен
Лайық болдың дәріпке.
6 - оқушы: Дамир
Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші
Ал, осының сыры неде, түсінші?
7 - оқушы: Азатбек
А деген – ол аналар ғой ардақты
Ә деген – ол әкелер ғой салмақты
Б деген – ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Сондықтан да расында
Тұрады олар алфавиттің басында.
Мұғалім:
- Балалар, өнер - білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып - үйрендік. Әріптерден сөз құрауды үйрендік.
О Т А Н:
О: Отан - сенің ата - анаң
Отан - досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң
Отан – аудан, ауылың
Т: Тәуелсіз ел – тұрағым,
Тәуелсіздік – жыр - әнім.
А: Адамдықтың белгісі – адам болып өскенің,
Н: Наның - нәрің
Найзаң – қаруың
Намысың - аруың
МЕКТЕП:
М Сұлтан: Мүсінші болар Мүсілім.
Маралдың жасап мүсінін.
Мұражайға мектептің,
Мұны тарту етпекші.
Е Аружан: Есенкелді есті екен,
Ерке Ерланға ермеді.
Ерте тұрып есікпен
Еден сырлап ерледі.
К Димаш:
Көктем келіп, құлпырып
Дала гүлге оранды
Кемпірқосақ керіліп,
Әдемі күйге енді
Т Зере: Бастайды ол таңды да,
Бастайды ол талды да.
Келіп тұрған қай дыбыс
Тау мен тастың алдында?
Е Ямин: Есейіп кіші балғындар,
Елге қызмет жасады.
Ертең сенің алдыңнан
Есігін мектеп ашады.
П Сабина: Парта десе бірінші
Әріп десе соңғысы.
Бұл қай әріп екенін
Өзің қарап түсінші.
Әлішер: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Зере: Мектебім - білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулисың 4жыл бойы ата - анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Ерасыл: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Ямин: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Аяулым: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Сабина: Мектеп – үйім, ұстазым менің – ата - анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып, сан тарапқа тараған.
Бәрі бірге:
Толық нұсқасын жүктеу