instagram.com/rafwrestlingusa
- 18 сәу. 2026 19:30
- 34
Ризабек Айтмұхан мен Кайл Снайдер: реванш алдындағы «көз мөлшері»
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан АҚШ-тың Филадельфия қаласында өтетін RAF 08 турнирінде америкалық Кайл Снайдермен титулдық жекпе-жек алдында «көз мөлшерін» жасады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айқас алдындағы шиеленіс
30 жастағы Кайл Снайдер 97 келіге дейінгі салмақтағы чемпиондық белдігін қорғайды. Оның 21 жастағы қарсыласы Ризабек Айтмұхан.
Бұл жекпе-жек турнирдің маңызды кездесулерінің бірі болады. Кездесу Қазақстан уақытымен 19 сәуір таңында өтеді.
Кездесу алдындағы «көз мөлшерінде» қазақстандық балуан жеңіске жететініне және белдікті алатынына сенім білдірді.
Ризабек Айтмұхан – тарихи әлем чемпионы
Естеріңізге сала кетейік, Ризабек Айтмұхан 2023 жылы еркін күрестен әлем чемпионы атағын жеңіп алған Қазақстанның тұңғыш өкілі болды. Сол кезде 18 жастағы балуан 92 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен еді.
Кейіннен Ризабек салмақ дәрежесін ауыстырды, себебі 97 келі – Олимпиадалық салмақ. Бұл салмақта қазақстандық балуан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Америкалық қарсылас туралы
Америкалық Кайл Снайдер – тоғыз дүркін әлем чемпионатының жүлдегері (төрт алтын, екі күміс және екі қола), 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы және 2020 жылғы Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері.
Айта кетейік, 2025 жылдың ақпанында Айтмұхан мен Снайдер Алматыда өткен PWL 8 турнирінде кездескен болатын. Сол кезде Кайл 8:0 есебімен жеңіске жеткен.