Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
"Тіпті молда шақырдым": Қостанайда дәрігерлердің салғырттығынан қызы мүгедек болды деп ана шағымданды

Қостанай облысында ана дәрігерлердің салғырттығынан қызының өмірі күрт өзгергенін айтып, әділдік іздеп жүр. Оның сөзінше, 11 жастағы қызына қажетті тексеріс жүргізілмей, күшті антибиотик салынғаннан кейін бала ауыр хәлге түскен.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дәрігерлердің қателігінен қыздың өмірі күрт өзгерді

Анасының айтуынша, оқиға үш жыл бұрын болған. Қызының бетіне бөртпе шыққан соң олар Диевка ауылындағы емханаға жүгінген. Дәрігерлер талдау нәтижелерін күтпестен “цефтриаксон” антибиотигін екі күн қатарынан еккен. Осыдан кейін қыз есінен танып, жансақтау бөліміне түсіп, бірнеше күн комада жатқан.

Қазіргі жағдайы ауыр

Қазіргі таңда қыздың жағдайы ауыр. Бұрын белсенді, сабағын жақсы оқыған оқушы қазір сөйлей алмайды, өздігінен жүріп-тұруы қиын. Анасының сөзінше, бала тепе-теңдігін сақтай алмайды және күнделікті қажеттіліктерін өз бетінше орындай алмай қалған.

Аурухана басшылығының жауабы

Ал Әулиекөл аудандық ауруханасының бас дәрігері Темірхан Бегісбаев бұл жағдайға қатысты тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, медициналық бақылау нәтижесінде дәрігерлер тарапынан қателік анықталмаған. Мамандар баланың жағдайы антибиотктен емес, аурудың асқынуынан болды деген қорытындыға келген.

Қылмыстық іс тоқтатылған

Аталған іс бойынша қылмыстық іс тоқтатылған. Алайда Айгүл Ділдабай бұл шешіммен келіспей, Бас прокуратураға шағым түсірген. Ол қызының қазіргі жағдайына кінәлілер жауап беруі тиіс деп есептейді.

Жаңалықтар

Жарнама