Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
«Рұқсат бердім»: Қайрат Нұртастың әкесі Жұлдызға неге сәлем салмауға рұқсат бергенін түсіндірді

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың әкесі, продюсер Нұртас Айдарбеков ортаншы келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға сәлем салмауға неге рұқсат бергенін түсіндірді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі танымал трендті қайталаған келіні Айгерім Саркеновамен бірге берген сұхбатында айтты.

Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтердің ортаншы ұлының жары Айгерім Саркенова қайынатасынан контент түсіруге көмектесуін сұрап, «норм немесе стрем» деп аталатын трендті қайталаған. Тренд шарты бойынша келін қойған сұрақтарға Нұртас Айдарбеков ненің дұрыс, ненің дұрыс емес екенін айтуы керек болды.

Ол әйеліне үй шаруасына көмектесуді, сондай-ақ келіні үлгермей жатса жәрдем беруді қалыпты жағдай деп санайды. Ал келін мүлде тамақ жасамай, түске дейін ұйықтап жатса, мұны құптамайтынын жеткізді. Келін ата-енемен бірге тұрғысы келмесе, оның өз еркінде екенін, бірақ жастардың ата-анамен бірге тұруының еш жамандығы жоқ екенін айтты.

Айдарбеков келіннің үйде орамал тағып жүргенін дұрыс деп есептейді, алайда далада тағу міндетті емес екенін атап өтті.

Сәлем салу дәстүріне қатысты пікір

Нұртас Айдарбеков Жұлдыз Әбдікәрімова шаңыраққа келін болып түскенде, өзі оған сәлем салмауға рұқсат бергенін айтты. Себебі, оның айтуынша, Жұлдыз келін болып түскенде оның қызы болмаған, тек ұлдары болған. Сол себепті ол Жұлдызды өзінің қызындай көрген.

«Негізі келін сәлем салудан ештеңе жоғалтпайды, керісінше бата алады. Сондықтан сәлем сал да, батасын ал. Үлкендер оған ұзақ ғұмыр мен бақыт тілейді. Бұл – өте құнды сөздер», – деді Нұртас Айдарбеков.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңалықтар

Жарнама