- 04 жел. 2023 00:00
- 216
Шыманның кек алуы
Исатай екі мың адаммен Жәңгірді шабуға барып жатқанда, Жәңгір сасып қашуға таянып отырғанда, Шыман төреге қағаз жазып, шапқыншы жібереді. Қағазына: «Исатай келіп ордамды қамап жатыр, сасып тұрмын, қамсыз қалыппын, қашайын ба, кел, ақылдасалық, не айтасың, мына қатын бала-шағаны жиып ал», — дейді.
Шыман сол қағаздың екінші бетіне былай деп жауап жазады: «Ей, Жәңгір, атаң Нұралыдан қашып қайтып ордаға келе алмаған, егер тайсаң, сен де қайтып ордаға ене алмайсың, сен менің тілімді алсаң, Исатайдың мақсатын жаса, екі қолыңды төбеңе қойып, орданың шетіне шық, исатайдан бір қасық қаныңды сұрап алуға сонда ғана барамын», — дейді.
Шыман шабарманға айтады: «Сен Исатайға жанай жүр, жүрушілер сені ұстап Исатайға апарар, қорықпа, саған тиіспейді. Қайдан келесің деп сұраса, Шыманға қағаз апарып, қағаз әкеле жатырмын де. Сұраса бер, оқып өзіңе берер, беріп жібер», — дейді.
Айтқанындай болады. Исатай оқып қарап: «Атаңа нәлет Жәңгір қорыққан екен. Балам деп мақсатымды жасаса, әттең бір қасық қанынан ортақ болып, атамның тұз-дәмінен жаңылып неғыламын», — деп ойлап қалады. Шаппай алуға Шыманның осы қағазы себеп болады.
Шыман сөйтіп баяғы ештеме бермегенін еске алып, Исатайды алдаушылықпенен тоқтатады. Махамбет үй бауырын кеседі, тілін алмайды, мақсат болатын болды деп тарай бастайды. Исатай, Махамбет қалып үлкен күйзеліске ұшырайды.
Оқуға кеңес береміз:
Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр