- 04 қыр. 2019 00:00
- 247
Шіңи-шіңи дегенің...
Ертеде бір байдың екі әйелі бар екен. Тоқалы сақау да аңқау, бәйбішесі қатал да қу екен. Тоқалды тамақтан қағып күн көрсетпейді екен.
Бай тоқалын аяп, бір күні ет турап отырып, оған:
— Мына бір сіңірді сен жей салшы, — деп бір жапырақ майлы етті лақтырып жібереді. Етті турап бола бергенде, әлгі бай тағы да сөйтеді.
Байының бұл қулығын аңғармаған аңқау тоқалы:
— Шіңи-шіңи дегенің шиқа-шиқа май ғой! — депті.