Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қыз ұзату

Ертеде біреудің бір ұлы, бір қызы болыпты. Қызы көп отырып қалған, әрі ақылсыз, әрі келбетсіз болады да, ұлы сөзге шебер, қу тілді екен.

Бір күні көрші ауылдан кісілер келіп, әлгі үйдің қызына құда түседі. Қыз ұзатылғанда жылап-сықтайтын әдеті бар емес пе? Қызын ұзатарда ата-анасы, оған қосыла ұлы да жылайды. Қыз кетеді. Той тарқайды. Сонан соң ұлы әке-шешесіне келіп:

— Бағана сендер неге жыладыңдар? — дейді. Әке-шешесі:

— Қыз жат-жұрттық болғанмен, іштен шыққан шұбар жылан ғой. Қимай жыладық. Ал сен неге жыладың? — депті. Сонда ұлы тұрып:

— Сендер қызым кетті деп жыласаңдар, мен сол қыз қайтып келе ме деп жыладым, — деген екен.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама