Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Шона Смаханұлы. Бұлбұл мен тоқылдақ (мысал)
Тақырыбы: Ш. Смаханұлы. Бұлбұл мен тоқылдақ (мысал)
Мақсаты:
а) білімділік: Мысалдағы негізгі ойды ұғындыру.
Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға үйрету. Топпен жұмыс жүргізуге, оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.
ә) дамытушылық: Оқушылардың өз ойын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, ізденімпаздыққа баулу. Шығармашылық қабілеттерін, ой - өрістерін, тіл байлықтарын дамыту.
б) тәрбиелік: Жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, жаман қылықтардан аулақ болуға, еңбексүйгіштікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: ой қозғау, ассоциация, 5жолды өлең, Венн диаграммасы, дискуссиялық карта.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бұлбұл мен тоқылдақ (жұмсақ ойыншық), ағаш.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында қорапқа салынған сыйлық әкелу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. «Азамат атанған күн» К. Сауырұлы.
Мәтінді бөлімдер бойынша әңгімелеу.
І. Қуаныштың алғашқы қой бағуы.
ІІ. Үрей.
ІІІ Азамат болу.
2. Қуанышқа мінездеме беру.
Сабақты қорытындылау.
- Азамат болу дегенді қалай түсінесің?

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту
Құстардың даусын тыңдау.
- Балалар құстардың қандай даусы естіледі?
- Қай құстардың даусы ұнайды?
Оқушыларды 3 топқа бөлу, тапсырмалар беру:
2. Ой қозғау
1 - топ: - Бұлбұл туралы не білесіңдер?
2 - топ: - Тоқылдақ сөзіне ассоциация
3 - топ: - «Құстардың орнын анықта» (суреттегі құстарды сұрақтарға жауап беріп, өз орындарына қоямыз)
- Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бұлбұл мен тоқылдақ» деп аталады. Авторы Ш. Смаханұлы (авторға тоқталу )
- Балалар біз қандай мысалдармен таныс едік?
- Мысалда не туралы айтылады екен?

3. Мағынаны тану
а) Оқулықпен жұмыс
1. Мұғалімнің оқуы.
2. Оқушылардың іштей оқуы.
3. Дауыстап оқу.
4. Сұрақтармен жұмыс.

- мысалда қандай кейіпкерлер бар?
- бұлбұл тоқылдаққа қандай кінә тақты?
- тоқылдақ не деп жауап берді?
- мысалдан не түсіндік?
ә) Ғылымилығы.
Сергіту сәті
б) Дәптермен жұмыс
Бұлбұл - әнші құс
Тоқылдақ - орман емшісі
в) Рөлдерге бөліп оқу

3. Ой толғаныс
а) 1 - топ: Осы мысалдан сахналық көрініс көрсету.
2 - топ: Бұлбұл мен тоқылдаққа мінездеме беру.
3 - топ: Өлең ұйқасын табу.

ә) 1 - топ: Құстар жайлы жұмбақ құрастыру.
2 - топ: Венн диаграммасы.
Бұлбұл мен тоқылдақ.
3 - топ: 5 жолды өлең.

ІV Қорытынды. Дискуссиялық карта.
Бұлбұлдың тоқылдаққа таққан кінәсі дұрыс па?
Қорытынды немесе шешім, тоқтам.

V Бағалау
VI Үйге тапсырма:
1. Бұлбұл мен тоқылдақ мысалын оқып, мазмұндау.
2. Бұлбұл мен тоқылдақтың суреттерін өз қалауларынша салып келу.

Оқушы шығармашылығынан:

1) Өлең ұйқасын табу.
Тоқылдақ
Еңбек сүйгіш тоқылдақ,
Жүреді ылғи тоқылдап.
Айналаны тазартып,
Тигізеді пайдасын. Досмағанбетова Ә.

Тоқылдақ
Еңбек сүйгіш тоқылдақ,
Құрт - құмырсқа шоқып ап.
Айналаны тазартып,
Жүреді ылғи тоқылдап. Оразбаев Ф.

Тоқылдақ
Еңбек сүйгіш тоқылдақ,
Тұмсығымен тоқылдап
Айналаны тазартып,
Ормандарды қорғайды. Барлыбаева Ә.

2) Өлең құрастыру

Аспанда ұшып жүреді,
Екі қанат қағып ап.
Түсі қара тоқылдақ,
Талда өмір сүреді. Әбу Мақсат

Тоқ - тоқ етеді,
Санасына тоқып ап
Құрт - құмырсқа жейді
Тұмсығымен шоқып ап. Нәлсейітова Ә.

3) Өтірік өлең
Тоқылдақ
Ақ тауыққа мініп ап,
Айға жеттім тоқылдап,
Екі жылдай жүріп мен,
Үйге оралдым біліммен. Мадиярова Ш.

Бұлбұл
Көрдің бе бұл бұлбұлды,
Екі тонна салмағы.
Бір асап ем аптығып,
Бұлбұлдан түк қалмады. Ермекбай С.

Бұлбұл
Әнші бұлбұл бір күні,
Алматыға келіпті,
Суперстарға қатысып,
Жеңіске ол жетіпті. Дархан Р.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
№244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Құрбанова Жанат Төлегенқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама