- 05 нау. 2024 04:31
- 356
Түйе, бота
Сабақтың тақырыбы: Түйе, бота
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ішіндегі түйенің ерекшелігіне тоқталу. Оның еті де, сүті де адамға шипалы екенін түсіндіру.
2. Дамытушылығы: оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, түйенің пайдасы туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын, ой - өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелігі: оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүй - гіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен жабдығы: интерактивті тақта, төрт түліктің суреті, суреттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, топтастыру.
Типі: жаңа білім беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық.
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Топқа бөлу. Сандар арқылы.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Төлді қалай шақырады?» өлеңін мәнерлеп оқу.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
1 тапсырма:
«Төлдерді қалай шақырады?»
Қошақан
Ешкі
Құлын
Бұзау
Бота
- Жақсы, балалар бүгінгі сабағымыз төрт түлік малмен байланысты болмақ. Алдымен тақтадан бейнебаян тамашалайық.
Түсінгендерін сұрау
2 тапсырма.
Мал атасы
Қой атасы – Шопан ата
Жылқы атасы – Қамбарата
Ешкі иесі - Сексеката
Түйе атасы – Ойсылқара
Сиыр иесі – Зеңгібаба
Жаңа сабақ.
Күннің жадын жазу.
Малдардың дыбыстауын тыңдау.
20 – жаттығу. Тақтаға орындайды.
21 – жаттығу. Топтық жұмыс.
3 тапсырма. Сөйлемдер құрастырып жазу. «Қай мал қайтеді?»
а) Жұмбақ шешу.
Иір - иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
- Дұрыс айтасыңдар түйе екен.
Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі – мал бағу.
Өздерінің балаларын сол түлік төлдеріне теңеуі де сондықтан. Мысалы: «Ботам», «Ботакөзім», «Құлыным», «Қоңыр қозым» т. б. Төрт түлік бізге кисек киім, ішсек тамақ, мінсек көлік.
Түйе шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық - суыққа төзімді, ұзақ жүрісте қажымайды.
- Балалар, түйе сүтін не деп атайды?
- Шұбат.
Түйе сүтінен өндірілген бұл сусын қазақ аспаздығында кеңінен қолданылады. Өзінің биологиялық құрамы бойынша тек нәрлі және дәмді азық қана емес, сондай - ақ А, В1, В2, С дәрумендерінің көзі. Мысалы, В1, В2 витаминдері бойынша түйе сүті бар керегіңе жарайды, құрт - май, балқаймақ алынады, ірімшік жасалады, шұбат ашытылады. Сосын бір ерекшелігі – інген мая 15 - 16 ай бойы сауылады. Сүті шайды жақсы үйіреді. Ал шұбаты дертке шипа, емдік қасиеті мол, аса пайдалы тағам.
Түйенің терісінен таспа, қайыс жасаған. Негізі түйе түбіті мен шудасы тоқыма өнеркәсібі үшін таптырмайтын шикізат. Маң даланың маңғаз жануарының жүні киім болғанда еті – ем, шұбаты –
Жүні
↓
шипа.
көрпе
шекпен
тоқыма бұйым
- Балалар, түйенің төлін қалай атайды?
- Бота.
- Түйе атасын атаңдаршы?
- Ойсылқара.
- Түйені қалай шақырады?
- Көс - көс.
- Түйе қандай шөпті жақсы көреді?
- Жантақ, алабота, ащы қурай.
Оқулықпен жұмыс.
«Түйе» «Бота» өлеңдерін түсініп, мәнерлеп оқу. Парта бойынша оқыту.
Түйенің пайдасын постерге түсіру.
Бағалау.
Сабақты бекіту. Тыйым сөздер оқып, түсіндіру.
Үйге тапсырма: «Түйе» «Бота» өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу.
Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы
Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп – интернаты
бастауыш сынып мұғалімі Басбаева Гаухар