- 05 нау. 2024 02:55
- 223
Сыныпты басқарудағы мұғалімнің көшбасшылығы
Атырау қаласының SilkWay мектеп - лицейінің 1а сынып
жетекшісі Мусиева Акмарал Койшекеновна
Коучинг сабақтың тақырыбы: Сыныпты басқарудағы мұғалімнің көшбасшылығы.
Жалпы мақсаты:
Басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.
Күтілетін нәтиже
Топтаса жұмыс атқара отырып, басқару және көшбасшылық туралы түсінік қалыптасады, көшбасшы түрлерінің ерекшеліктерін айқындай отырып, қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді. Әр адам өз бойындағы көшбасшылық қабілетін жетілдіреді. Кәсіби білім, біліктері өседі.
1. Топқа бөлу. От. Су. Күн. Ай.
Қима қағаздар арқылы әр топ бір - бірін тауып алады. (пазл үлгісінде тарату)
Әр топқа өз атауларына байланысты анықтама беру.
От - қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Су - жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар жандар.
Күн - жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін, сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай - ойшыл да, арманшыл. Қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.
Пазлдар арқылы топқа бөлінеді.
2. Тренинг: Сиқырлы қобдиша
Қобдишаға салынған айнаға қарап, әркім өзін көріп, өзіне тән жағымды қасиетін атап өтеді.
3. Ой қозғау:
Табысты мектеп моделі (жарнамалау)
Табысты мектеп қандай болады? Сол мектепке арнап, жарнама жасалады.
4. Табысты мектепте қандай оқушы және мұғалімді көз алдыңызға елестетесіздер?
І топ: Мінсіз оқушы
ІІ топ: Мінсіз ұстаз
ІІІ топ: Мінсіз сабақ
Формативті бағалау
5. Жағдаяттан шығу.
Көшбасшы қандай адам болу керек?
Сахналық көрініс:
1. Қатал көшбасшы
2. Сабырлы көшбасшы
3. Қайырымды көшбасшы
Аталған образдарды топта аса шығармашылықпен сомдау. Әрбір топ көшбасшы түрлеріне байланысты шынай түрде көрініс көрсету.
Кері байланыс: Не түсінгені жайлы, көшбасшы болу үшін қай қасиеттерді ұстанғаны дүрыс екендіктерін сұрау
6. Видеокөрсетілім.
«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсету, олардан Қожа секілді балалар кездессе, не істер едіңіз?
7.«Тыңдайтын үшбұрыш ---- Спикер ---- Интервьювер (сұрақ - жауап)----- Хатшы»
Сіз сыныпқа өз сабағыңызға кіргенде оқушылар өз істерімен айналысып, сізге назар аудармады. Ал, сізге сабақ жүргізу керек. Сол кезде сіз не істер едіңіз?
8. Талдау: А4 - ға жазылған Саламат секілді оқушының іс - әрекеті беріледі. Сол Саламатқа мінездеме беру, оларды талдау.
І топ: Саламатқа мінездеме беру. (сабақтағы қылықтары)
ІІ топ: Саламат не себепті осындай жағдайға тап болды деп ойлайсыздар?
ІІІ топ: Саламатпен қандай жұмыс түрлерін жүргізуге болады?
9. Қорытындылау: Менің қолымнан бәрі де келеді....
Бір мұғалім орнынан тұрып, ортаға шығады да, мен сыныпты басқара аламын, себебі...... деп өз бойындағы қасиетін атай отырып, қалаған әріптесім шақырып, шеңберге тұрады да, қолдарын ұстап, күннің нұрындай шашылып, бүгінгі коучинг тақырыбын өздері тауып айтады.
Кері байланыс.
Стикерге алған әсерлері мен ұсыныстарын жазып беру.
Флипчартын жүкте алу