- 14 ақп. 2020 00:00
- 176
Сөздің құны
Бір күні бір дәруіш молданы тоқтатып алып, мақтау жыр оқиды. Молда тыңдап түрып, жыр біткен соң, ары қарай жүре бермек болады.
— Молда, — дейді дәруіш, — маған бірдеңе берсеңші.
— Ертең келіңіз, жарқыным, — дейді молда, — сосын аласыз. Келесі күні дәруіш молданы базардан ұстайды:
— Ақша бер, — деп.
— Қайдағы ақша? — дейді молда.
— Кеше уәде беріп едің ғой.
— Не үшін ақша берем деп едім, есімде жоқ, — дейді бұл.
— Сені мақтап жыр оқып бердім ғой, сол үшін ақша берем дегенсің.
— Осы сен маған бір зат, дүние бердің бе? — дейді молда.
— Жоқ, ешқандай зат бергем жоқ, — дейді дәруіш.
— Тек жыр оқыдың ба?
— Иә, тек қана жыр оқыдым.
— Е, демек, сен маған сөз оқып бердің, мен де саған сөз бердім. Ал ақшаның бұған не қатысы бар? Егер сен маған әлдеқандай бір зат берсең, онда сөз басқа. Ал бір ауыз сөз үшін сен де менен сөз алдың ғой, — деген екен Молда.