Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Студенттер жатақхананы «e-gov» арқылы ала алады - ҚР БҒМ

ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлзат Көбенованың айтуынша, бүгінде университет жатақханасындағы орынды «электронды үкімет» порталы арқылы алуға мүмкіндік бар.

«Бүгінде жатақхана орындарын бөлу мәселесі мемлекеттік қызметке жатады. Сондықтан әрбір жоғары оқу орны тәртіп бойынша өздерінде бар орындарды таратады. Артынан бізге есебін беріп отырады», - деді Көбенова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, арнайы ақпараттық жүйеде кім және қай жерден орын алғаны көрсетілуі керек. Ал ережеге сәйкес, жатақхана орны алдымен мемлекеттік грант иегерлеріне, сондай-ақ әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы мүшелеріне беріледі. «Осы шаралар мемлекеттік қызмет болғасын, студент өз өтінішін «e-gov» порталы бере алады, я болмаса университеттің өзіне беруге мүмкіндік бар. «Электронды үкімет» порталына өтініш тапсырғанда, міндетті түрде тиісті құжаттар болуы керек. Соның негізінде тапсырыс университеттің өзіне түседі. Белгілі бір уақыттың ішінде оған жауап берілуі тиіс», - деп атап көрсетті департамент басшысы.

Айта кетейік, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында жатақханаларды таратудың электронды жүйесін енгізу міндеті бар. Оған ҚР Білім және ғылым министрлігі жауапты.

ҚазАқпарат


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама