- 14 нау. 2019 00:00
- 218
Студенттік кезең
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Журналистика мамандығының 3 курс студенті
Жексенов Еламан Ақылбекұлы
Өмірдегі ең қызық кезең меніңше «Студенттік өмір»!
… бірінші курс «балмұздақ» атанып,үлкен оқу орнын қызықтап, мұғалімді көріп арыстанды көрген қояндай қорқып, жан жаққа жалтақтап жүретін, екінші курс, университет қабырғасында бой үйреніп, сынақ кітапшасын тоқсанға толтырып, мәз болып жүретін, үшінші курс, білім алудан ұйқыны артық көретін, мұғаліммен құрбы құрдасша сөйлесіп жақсы балды қоржынға салып жүретін, төртінші курс, практика, диплом деген екі сөзді көп қайталай беретін, төрт жыл төрт секундтай өткенін еске түсіріп, сағынышпен,үлкен өмірге аяқ басатын кезең…
Қызығы мен қоса шыжығы да қатар жүретін бұл кезеңде талай жастар болашақ өмірін айқындады, өмірлік жарын және достарын тапты! Біреулер үшін бұл кезең түк те қызық емес, параға қатыспай, асханаға келіп кетуді қанағат тұтатын студенттер бар… Біреулері үшін бұл уақыт алтыннан қымбат, күні түні кітаптан көз алмай, білім алу, оқу, болашағымды жасайтын өзім деп бір минутын құр жібермейтін жастар да бар (бұндайларды «оқымысты» деп шеттетуі мүмкін кейбірлері)… Біреулер үшін бұл уақыт бойда бар талантын ашуға көмек береді… Біреулері студенттік қоғамдық өмірге белсене араласу арқылы өзіне тәжірибе жинайды… бір студент сөйлеуді үйренеді… біреулерін мүлдем түсіну қиын, сабақтан қалмайды, сабақ айтпайды не тобымен араласпайды…
Студенттік өмір туралы айта берсе том том кітап шығады! Сол кітапты оқыған кезде қызықты, айтып берерге тұрарлықтай қылу ол әрбір жазушының (СТУДЕНТТІҢ) қолында!!!