- 14 нау. 2019 00:00
- 238
Таксистің бір күндік өмірі
Ала таңы күйбең тіршіліктің ортасынан басталатын таксистің бір күндік өмірі қызыққа толы. Таңсәріден табиғатқа тамсанып отыратын қаланың тұрғындары қарбалас өтетін уақытқа әбден бейімделген. Тіпті, таксист болып үйренген біздер де қаланың кептелісі алқымымыздан алып тұрса да ашуға бой алдырмаймыз. Өйткені сол таксистік өмір шыдамдылыққа үйрететіндей. Қала тұрғындары демалыс уақыттарын өздерінше әртүрлі өткізіп жатады. Ал менің бір күндік демалыс күнім өзіме жетерлік нәпақа табумен басталады. Бірде аш, бірде тоқ жүретін студенттік өмірде сабақпен қоса таксистік өмірді де қатар алып жүрмін. Қазіргі уақыт жетпейтін заманда шыдамсыздықтан дызақтап тұратын адамдарды келесі бекетке жеткізіп тастап алғыстарын алып жүрмін. Сол өмір өзіндік көзқарас қалыптастырып, қоғаммен, адамдармен байланыс жасауды үйретіп жүр. Студент болып, таңғы сабағыма кешігіп бара жатырсам да, аялдамада тұрған адамдарды өздері келісіп тұрған бағада діттеген жерілеріне жеткізіп тастаймын. Тіпті, кейде өзіме күліп те аламын. Осы қаладағы ең арзан такси мен шығармын деп. Бірақ, бәріміз бір аспанның астын саялаған адамдар болған соң жомарттық танытқанымыз артық етпейтін болар.
Құдияр Данияров