madeniportal.kz
- 11 қаң. 2026 15:00
- 30
Сұлтан Сәрсемалиевтің құпиясы: Қыз бен күйеу бала із-түссіз жоғалды
Атыраудағы резонансты қылмысқа қатысты жаңа деректер пайда болды. Сұлтан Сәрсемалиевтің өмірі мен оның жоғалған туыстары туралы мәліметтер жарияланды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сұлтан Сәрсемалиевтің құпия өмірі
Журналист Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында Сұлтан Сәрсемалиевтің 29 жаста екенін және оның тұйық өмір салтын ұстанғанын жазды. Ол көршілерімен араласпай, көпшілік ортадан оқшау жүрген. Күдікті фотоға түспеуге тырысқан, тіпті оны танитын адамдардың өзінде де суреті сақталмаған.
Жоғалған туыстар
Сұлтанның әйелі Ақбаян да әлеуметтік желілердегі барлық аккаунттарын өшіріп тастаған. Журналистің айтуынша, бұл жағдай Индонезияның Бали аралына апаратын жіптің ұшын көрсетеді. Құзырлы органдар Сұлтанның ойында не барын, жоспары мен мақсатын анықтауы тиіс.
Гүлмира Әбіқай: "Мен әйелі Ақбаянға жаным ашып, жүрегім ауырып тұр", – деп жазды.