- 15 ақп. 2020 00:00
- 218
Табылған малдың рақаты
Қожаның есегі жоғалады. Ол көшеде жүріп бар даусымен жар салыпты:
— Менің меңі бар тамаша есегімді кім көрді екен? Кім есегімді тапса, мен сол есектің өзін сыйға тартамын және еңбек-ақысын төлеймін, — дейді.
Мұны естіген бірнеше адам:
— Егер сен есегіңді тапқан адамға сыйлайтын болсаң, онда неге босқа арам тер боп іздеп жүрсің? — дейді.
— Сендер жоғалып табылған малдың рақатын білмейді екенсіңдер, — деген екен Қожанасыр.