Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 17 сәу. 2026 11:00
- 35
Тамара Асар протез ауыстыру кезіндегі қиындықтарды бөлісті: «Қажалып қан болды»
Қазақстандық әнші Тамара Асар шетелде аяғындағы протезін ауыстыру операциясынан кейінгі жағдайын әлеуметтік желіде бөлісіп, көпшілікті толқытты. Өнер иесі жаңа протезбен жүріп үйренудің өзіне оңай соқпағанын, әр қадамының үлкен еңбек пен ерлікпен келгенін жеткізді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әншінің айтуынша, үш күннен бері жаңа протезбен «тәй-тәй басып» жүріп үйреніп жатыр. Бұл кезеңді ол өзі үшін үлкен сынақ деп атап, әрбір қадамның маңызын ерекше атап өтті.
Жүріп үйренудің қиындығы
«Отырған орныңнан көтеріліп, мұп-мұздай болған аяққа дұрыс міну – жетістік. Бір жаққа ауып кетпей, тепе-теңдікпен бойыңды тік ұстау – жеңіс. Өз комфортына жайғасып алған жылы дененің ауырсынуына, қажалғанына қарамай күрделі кезеңге бағыттап, босата білу – көну арқылы келген ерлік», - деп жазды Тамара Асар.
Әнші әрбір басқан қадамды мың рет қайталауға теңеп, «қажалғанның қанымен, ауырсынудан сорғалаған терге бой бермеу – жеңіс» екенін айтты. Оның сөзінше, ойдағыдай, нық басылған әрбір қадам – бұл жеміс, ал тәні мен жанын Аллаға тапсырып, бағыну арқылы бағындыру – рахат.
«Бәрі өмірдегідей, ал өмір – кәдімгі спорттағыдай», - деп түйіндеді әнші.
Естеріңізге сала кетейік, Тамара Асар бұған дейін жол апатынан кейін аяғынан айырылған болатын.
-
Әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты бейнематериалдар тарап, көпшіліктің талқысына түскен асаба Хан жұбайымен бірге алғаш рет пікір білдіріп, қуанышты жаңалығымен бөлісті.