Тәуелсіз Қазақстан – мәңгілік ел
«Тәуелсіз Қазақстан – мәңгілік ел» аралас сабағының әзірлемесі.
Өткізілетін топ: жоғары деңгейдегі ІІІ - 6 тобы
Өткізілетін орын: Тілдерді оқыту орталығы
Мақсаты:
• Тыңдаушылардың сөздік қорларын, ой толғау қабілеттерін дамыту үшін берілген тапсырмаларды орындай отырып, тақырып бойынша мәліметтер алуына ықпал ету.
• Жоғарыда аталған қасиеттермен қатар таза сөйлеу, тыңдалған, оқылған материалдардан қорытынды шығара білу, ой түйіндеуге дағдыландыру.
• Қолда бардың қадір - қасиетін түсініп, дұрыс бағалай білуге, құрметтей білуге шақыру. Ана тілінде тек сабақта ғана сөйлеумен шектелмей, күнделікті өмірде, тұрмыста, қызметтерінде сөйлеуге насихаттау. Отансүйгіштік сезімдерін шыңдау.
Кіріспе.
Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім – деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, биыл қазақ халқының қайта дүниеге келгеніне 25 жыл толып, еліміз сол мерейлі істі атап өту үшін 25 күнге жоспарланған іс - шараларды жүзеге асыруда, яғни әр күн әр бағыт, әр түрлі тақырып бойынша өтеді. Бүгінгі күн - тілдер күні. Осыған орай, өткізілгелі отырған сабағымыздың тақырыбы «Тәуелсіз Қазақстан – мәңгілік ел»
Тәуелсіз Қазақстан деп айтарлықтай, еліміздің, өз жері, Елбасы, рәміздері, халқы, ұлттық теңгесі, тарихы, бас қаласы бар. (2 - слайд)
Қазақстан – республикам, мақтанышым,
Мен сенi жырлаймын мақтан үшiн.
Құдайым маған кұйттай ғана жүрек берген,
Лүпiлдеп сенi сүйiп, сақтау үшiн!

Құдайым маған құйттай ғана жүрек берген,
Лүпiлдеп сенi сүйiп, сақтау үшiн!
Бүгінгі сабақта қарастырылатын тақырыптар:
1. Ана тілім – айбарым!
2. Тәуелсіздік тарихы
3. Қазақстан байлығы
4. Рәміздер – елдігімнің белгісі
5. Асқақ қала – Астана
6. Елі сүйген Елбасы
Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,
Жырлатқан елдік, ерлік, азаттығын.
Жұлдызды құдіреттің туы болған,
Жасай бер, ұлы тілім – қазақ тілі!
Сұрақ - жауап арқылы бірінші бөлімге көшу:
1. Қазақ тілі мемлекеттік тілі мәртебесін қашан алды? Осыған орай қандай мереке бар? (1989 жылы, 22 қыркүйек – Тілдер мерекесі)
2. «Тіл туралы» Заңының нешінші бабында мемлекеттік тіл туралы нақты айтылған? (төртінші бабында нақты айтылған)
3. Қазақ тілі қандай топқа жатады? (Түркі тілдес тілер тобына)
4. «Тіл – қылыштан өткір» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
«Ана тілім – айбарым!» бөлімін бастамақ бұрын мына оқылған материалдарды бір - екі ауыз сөзбен не деп атар едіңіздер?
1. Ел іші – алтын бесік.
2. Тіл – жұрттың жаны. (Халел Досмұхамедұлы)
(Қ. Мырзалиев)
3. Ұлтсыздық – отансыздықтың белгісі (Ш. Мұртаза)
4. Адам көркі – ақыл. (М. Әуезов)
5. Азаттыққа үйрену – ең алдымен ынтымаққа үйрену
6. Бірлік түбі – береке (Төле би)
Бұл – қанатты (нақыл) сөздер. Бұл бөлімнің шарты: Берілген бейнекөріністі тамашалай отырып, бірнеше нақыл сөз жазыңыздар.
(«Тіл – ұлттың басты негізі» бейнекөрінісін тамашалау)
Шығуға тиіс нақыл сөздер:
Тіл – ұлттың басты негізі.
Тілі жойылса, ұлт та жойылады.
Қазақ тілі – аса бай тіл.
Қазақ тілі – ұрпақтан ұрпаққа үзілмей берілетін асыл қазынамыз.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
Қызықты мақал, естігеніңіз бар ма?
Өгіз қарын майыңды,
Өлгенде бастаймысың?
Көкек айы туған соң,
Итке тастаймысың?
Мақал қандай адамдарға айтылған? Сол сөздің антонимін айтыңыздар.
Сабағымыздың келесі «Тәуелсіздік тарихы» бөлімі адамның мінез - құлқымен байланыстырылып алынды. Үстелдің үстіне бір жағына адамның мінезіне қатысты сөздер жазылған екінші жағына сұрақтар жазылған парақшалар қойылады. Әр тыңдаушы көршісін қандай адам деп санайды, сол қасиет жазылған парақшаны алып көршісіне ұсынады, көршісі сұраққа жауап берсе, шынымен сондай адам болып шығады, жауап бере алмаса, алдындағы адам ойлағандай емес деп табылады.
№ Мінез - құлықтар Сұрақтар
1. Салмақты 15 қараша қандай күн?
2. Ақылды Тіл туралы Заң соңғы рет қашан қабылданды?
3. Көңілді Қ Р - да Мемлекеттік рәміздер күні қашан мерекеленеді және қашаннан бастап?
4. Жомарт Тәуелсіз Қазақстан елінен ғарышқа ұшқан азамат кім?
5. Сезімтал Жаңа астананың ресми тұсаукесері қашан болды?
6. Бауырмал Конституцияның нешінші бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі” деп көрсетілген?
7. Мақсатшыл Еліміздің Ата Заңы қабылданған күнді айтыңыз.
8. Өжет «Менің Қазақстаным» әні қашаннан бастап, ҚР Әнұраны болып саналады?
9. Жауапкершілігі мол Қазақстанда ең алғашқы жалпыхалықтық президент сайлауы қашан өтті?
10. Қонақжай Қазақстан халқы Ассамблеясы қашан құрылды?
Жауаптары.
1. 1993 жыл 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы - Теңге айналымға енді.
2. 1997 жылы 11шілде Тіл туралы Заң қабылданды.
3. 2007 ж. 4 маусымда «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» Заң қабылданып, осыған сәйкес 4 маусым рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
4. 1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты. Тоқтар Әубәкіров 1991 ж. 2 қазанда ұшты – тәуелсіздік алғанға дейін.
5. 1998 жыл 10 - маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.
6. Еліміздің ата Заңының 7 бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі” деп көрсетілген.
7. 1995 жыл 30 - тамызда жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.
8. Ш. Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні 2006ж. 7 қаңтардан бастап ҚР Әнұраны болып табылады.
9. Қазақстанда ең алғашқы жалпыхалықтық президент сайлауы 1991 жылы 1 желтоқсанда өтті.
10. Қазақстан халқы Ассамблеясы – 1995 жылы 1 наурызда ҚР Президентінің Жарлығымен құрылды.
Келесі бөлім.
Елiмнiң атын айтсам – Қазақстан,
Жерiмнiң атын айтсам – Қазақстан.
Қойнауы қазынаға толған мекен,
Байлығым атын айтсам – Қазақстан.
«Қазақстан байлығы» бөліміне тапсырмасы – кроссвордты шешіп құрастыру. Бұл бөлімде тыңдаушыларға қиылған торкөздер таратылады, сұрақтар слайдта шығып тұрады. Әр адам өз торкөзін толтырып болған соң үлгіге қарап үстелдің үстіне кроссвордты құрады. Ұқсас болса, «дұрыс» деп танылады.
ҰЗЫНЫНАН:
1. ЛЕС
2. ЗАПОВЕДНИК
3. СЕРЕБРО
4. ЛОШАДЬ
5. ЖЕЛЕЗО
6. УГОЛЬ
7. НАЦИОНАЛЬНЫЙ НАПИТОК
КӨЛДЕНЕҢІНЕН:
1. ПАСТБИЩЕ
2. ЗОЛОТО
3. ХЛОПОК
4. РАСТЕНИЕ
5. МЕДЬ
6. ЦИНК
«Рәміздер – елдігімнің белгісі» бөлімі. Келесі бөлім рәміздерге арналған. Бұл тақырыпқа байланысты мынадай тапсырма орындайық: Өлеңдерді бір рет қана оқып, кім жатқа айтып бере алады?
І шумақ
Тәуелсіз елім көрікті,
Әнұран, елтаңба, туымен.
Тәуелсіз елім көрікті,
Самғаған биік құсымен.
ІІ шумақ
Тәуелсіздік нышаны,
Самғайды биік қыраны.
Бір шаңырақ астында
Достықтың жанар шырағы.
Қосымша сұрақтар:
1) ҚР рәміздері қашан қабылданды? (1992 ж. 4 маусым)
2) ҚР рәміздерінің авторларын кім айтып бере алады?
(Тудың авторы – Ш. Ниязбеков; Елтаңбаның авторлары – Ж. Мәлібеков, Ш. Уалиханов; Әнұранның авторлары – Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімиденов және Н. Назарбаев)
Астанам! Ару қалам, асқақ ордам,
Қалың жұрт, қазағыма қақпа болған.
Ту ұстап, тұлпар мінген бабаларым,
Бермеген ел намысын жатқа қолдан.
Келесі бөлім «Асқақ қала, Астана» бас қаламызға арналады. Бұл бөлімде «Бұл қай ғимарат?» сұрағына жауап бересіздер. Бұл бөлім бойынша тыңдаушыларға мәтіндер таратылады. Мәтінді оқып қандай ғимарат екенін атау керек. Ғимараттар тізімі:
Тәуелсіздік сарайы
“Қазақ елі” монументі
Әзірет Сұлтан мешіті
Пирамида
Бәйтерек
Хан Шатыр ОССО
1. Бұл ғимарат үш қабаттан тұрады. Ерлерге арналған
4 000 адамдық залы, халыққа қызмет көрсету орны, әйелдерге арналған 1 000 орындық залы, осында қызмет ететін адамдардың бөлмелері бар. Сондай - ақ арнайы неке қию бөлмесі, кітапхана сынды қосымша орындармен жабдықталған. Ғимараттың алдыңғы жағынан қабырғалары табиғи тастармен әрлендірілсе, темір - бетонды күмбездері металмен көмкеріле өрілген. Құрылысқа қажетті материалдар әлемнің 11 елінен жеткізілген. Сондай - ақ, отандық өнімдер де пайдаланылған. (Әзірет Сұлтан мешіті)
2. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім ғимараттың биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; Бұл нысан үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған бұл әсем ғимарат – қазіргі Қазақстанның нышаны, қазақ халқының қайта өрлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.
3. Бұл ғимарат – Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. Норман Фостердің қиялынан шыққан сәулет ғажайыбы Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архитектуралық жоба болып табылады. Кешеннің биіктігі 200 метрді құрайды. Бұл сауда және ойын - сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орталықтары, кинотеатр, концерт залдары бар. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар.
4. Бейбітшілік және Келісім Сарайы Қазақстан жеріндегі бірлік пен достастықтың, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың белгісі. Жоба авторы белгілі ағылшын архитекторы Норман Фостер.
Бұл нысанның биіктігі 62 м. Ғимараттың сыртқы беті ішкі бейнені көрсететін әйнек және тас плиталармен қапталған.
Сарай ішінде 1302 орынға арналған Опера залы, Атриум салтанат залы, «Бесік» конференция залы, көрме алаңдары, «Құланшы» галереясы, баспасөз орталығы, Астана қаласының этникалық мәдени орталықтары, Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығы орналасқан. Ғимараттың геометриялық пішін атауымен танымал. Бұл қандай ғимарат? (Пирамида)
5. Бұл зәулім ғимарат 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабат - ұлттық және қазіргі заман стильдерінің біртума үйлесімділігі. Осында 3082 адамға жасалған Конгресс - зал, 268 орны бар Рәсімдеу залы, 220 орны бар Пресс - орталық, сыйымдылығы 678 адамға арналған және сахна мен дыбыс аппаратурасымен жабдықталған кең мейрамхана орналасқан.
Екінші қабатта қол өнер және этнография, археология және антропология галереясы орналасқан. Атақты Алтын адам осында сақталған.
Үшінші қабатта Астана қаласы тарихының мұражайы орналасқан. Әңгіме қай ғимарат туралы? (Тәуелсіздік сарайы)
6. Айтылғалы отырған сәулет өнерінің туындысы сыртқы бөлігінде 28 колоннадан тұратын жалпы ұзындығы 120 метрлік доға пішіндес ақ колонна да орнатылған. Өзі осы ақ колоннаданың қақ ортасында, граниттен жасалған төрт қырлы тұғырға отырғызылған. Оның төрт қырлы болған себебі – дүниенің төрт бұрышына да Қазақстанның құшағы ашық дегенді айғақтайды. Биіктігі 91 метр, бұл еліміз тәуелсіздігін алған 1991 жылдың белгісі. Ал оның басындағы Самұрық Қазақстанның тыныштығын күзетіп тұр. Ал ақ түс – қазақстандықтардың достыққа адал, бауырмал, ақ ниетін паш етеді. Бұл мәтін не жайында деп ойлайсыздар?
Әрине, осы айтылғанның бәрі 25 жыл ішінде қол жеткізген үлкен жетістіктер. Әрбір игі істің басы - қасында болатын адам керек. Біздің еліміз де сондай адаммен бірге өсу жолында. Ендеше алда келе жатқан Елбасы күні мерекесіне қарай, Тәуелсіздігімнің 25 жылдығына орай, келесі «Елі сүйген Елбасы» бөлімінде Елбасына деген өз лебізімізді білдірейік:
Яғни, сіздер берілген өлең жолдарын толықтыруларыңыз керек:
Ел бағына туылған,
Ұлтқа керек ұл болған,
Халқы сүйіп таңдаған,
........................................
Үлгі қылар үлкені де, жасымыз,
Елбасына бәріміз де разымыз.
.......................................................
Домаласын өрге қарай тасыңыз.
Қорыта келгенде, қазақ елі жылдармен бірге жылжып алға басып келеді. Осы жолда Елбасының сіңірген еңбегін елеп, әрқашан есте ұстауымыз керек. Әрбір елін сүйген адамға Елбасының айтары да көп. Соның бірі: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.
Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»
Н. Назарбаев
Назарларыңызға рахмет!
Бурабай ауданының
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы
Мадиева Айман Кәрібайқызы