Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тыныс алудың маңызы
Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, №37 ЖОББМ - ің
химия және биология пәндерінің мұғалімі
Букенбаева Асемгул Рахимовна

Биология 8 сынып
Тақырыбы: Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе. Мұрын, аңқа, көмекей, кеңірдек және негізгі бронхылар, олардың құрылысы мен қызметі. Өкпенің құрылысы мен қызметі. Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу.
Мақсаты:
Тыныс алу мүшелері мен қызметі туралы білімдерін тереңдете отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: А Тыныс алу мүшелері туралы түсінік алады.
В Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметіне салыстырмалы түрде сипаттама береді
С Тыныс алуда өкпе мен ұлпалардағы газ алмасу механизмін ажырата отырып, салауатты өмір салтын сақтауға дағдыланады.
Дереккөздер, құрал - жабдықтар: Биология оқулығы 8 - сынып, бейнетаспа, тыныс алу мүшелерінің сызбасы, слайд

Сабақтың барысы
Мұғалім әрекеті
Кіріспе 7мин
1. Амандасу.
2. «Стикердегі диалог» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Тұсаукесер 5мин
1. Топқа бөлінеді (сөздерден сөйлем құрайды)
Бейнеролик арқылы адамның тыныс алу мүшелері көрсетіледі.
- Тірі ағзаны өліден қалай ажыратады?
- Тыныс алудың маңызы қандай?
- Тыныс алу жүйесінің қандай мүшелерін білесіңдер? Олар қалай аталады?
Балалар, тыныс алу мүшелері тақырыбына қандай мақсат қоямыз?
Сабақтың табыс критерийін анықтау:
- Тыныс алу мүшелері туралы түсінік аламын.
- Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметіне салыстырмалы түрде сипаттай аламын.
- Тыныс алуда өкпе мен ұлпалардағы газ алмасу механизмін ажырата отырып, салауатты өмір салтын сақтауға дағдыланамын.

Негізгі бөлім 15 мин
- Жаңа сабақтың термин сөздерімен жұмыстандыру: тыныс алу, дыбыс саңылауы, бронхиола, плевра, альвеола, өкпедегі газ алмасу.
«Ойлан - жұптас - бөліс» әдісімен жаңа тақырыпты өздеріне меңгерту.
Жаңа тақырыпты оқып үйрену үшін уақыт беру.
- Төрт топқа тапсырма беріледі:
1 - топ Тыныс алудың маңызы
2 - топ Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі тірек - сызба арқылы түсіндіру
3 - топ Өкпенің құрылысы миен қызметі топтастыру
4 - топ Өкпедегі және ұлпадағы қаз алмасу венн диаграммасы арқылы түсундіру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама