Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Токаев: Блиғі Шығыстағы жанжалдың түйіні Ормуз бұғазында емес, ядролық технологияда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты өз пікірін білдіріп, жанжалдың негізгі себебін атады. Оның айтуынша, мәселенің түйіні Ормуз бұғазында емес, ядролық технологиялар мен қару-жарақтың таралуында.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Негізгі мәселе – ядролық қару

Мемлекет басшысы Анталья дипломатиялық форумында сөйлеген сөзінде Иран төңірегіндегі жағдайға тоқталды. Ол бұл мәселе бойынша пікір білдіру қиын екенін айтып, Қазақстанның Парсы шығанағы елдерімен ынтымақтастық білдіргенін және барлық мемлекеттерді стратегиялық сабырлылыққа шақырып, әскери іс-қимылдарды тоқтатуға үндегенін атап өтті.

«Бұл жанжалдың жағымсыз салдарынан бәрі зардап шекті. Ең алдымен экономика қатты зардап шекті. Бүгінде барлығы Ормуз бұғазы арқылы кемелердің еркін жүруі туралы айтуда. Бірақ біз бұл теңіз дәлізінің жанжалға дейін еркін сауда үшін ашық болғанын ескеруіміз керек», - деді Тоқаев.

Келіссөздердің басты тақырыбы

Президент бұл жағдайдағы негізгі мәселенің тереңірек жатқанын және неғұрлым іргелі тәуекелдермен байланысты екенін атап өтті. «Сондықтан біз мәселенің мәніне назар аударуымыз керек. Ал мәселенің мәні – ядролық технологиялар мен ядролық қарудың таралуында. Иранға қатысты жанжал туралы сөз болғанда, бұл мәселе келіссөздердің орталық тақырыбы болуы тиіс», - деп қосты Тоқаев.

Ол сондай-ақ жаһандық сауданың өсіп жатқанын, бірақ оның сапасы мен мазмұны үлкен мәселе екенін айтты.

Жаңалықтар

Жарнама