- 13 мау. 2016 00:00
- 197
ҰБТ өткен 8 күн ішінде апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 547 өтініш түсті
Тестілеудің барлық 8 күні бойынша (3-10 маусым аралығы) Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 547 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 141 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілі, математика, биология және Қазақстан тарихы пәндерінен болды.
Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі:
- әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы айырмашылық;
- техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателер.
Тестілеу аяқталғаннан кейін барлық ҰБТ қатысушыларына пәндер бойынша жинаған балдары көрсетілген сертификаттар берілді. Осы сертификаттың негізінде олар нормативтік құжаттарда белгіленген қажетті ең төменгі балды жинаған жағдайда жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсуге және білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға құқылы.