Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Ұлытауым-ұлы дала киесі!
Ұлытау
Киелісің, мерейі мол керегесі қазақтың
Ұлысың сен, қорғау болған қазақтарға - ғажапсың.
Асыл жерім, кернеу рухым көтерілер қашанда
Сенің ғана арқаңда мен - бодандықтан Азатпын!
Тарихы мол, руханиятпен шектесетін қашанда.
Сенің үнің, көркемдігің әсемдіксіз осал ма?
Жоқ, сендегі шын рухани, берері көп мол тарих
Жаны жайсаң ұлы бейне әлдекімнен асар ма?
Құшағыңа толыстырдың алтын тақты хандарды,
Үш биді де біріктірдің - орындалған арманды.
Шешілмейтін мәселелер, қиындықтар қаншама...
Айналдырды бас үкім қып сенің асыл - Ордаңды.
Талай - талай соғыстар да өткізілді жеріңде,
Кең төсінде шайқасты кеп саған сенген елің де!
Сен оларға майталмансың, рухты күшсің, жарықсың
Сұм соғысқа аттанды кеп үлгі тұтқан ерің де!
Шағатай мен Жошы, Бату қадір тұтқан ұясың
Бар алыпты, мықтыларды қанатыңа жиясың.
Даласы кең, таза ауа, ынтық желі самайлы...
Мұндай жерді қалай ғана Қыпшақтарға қиясың?!
Абылайдай арыс тұлға туын тіккен ақ мекен,
Сонау көне ғасырлардың көзі болған қарт па екен?
Асыл тұлға мекен еткен ойдай жері болған соң,
Саған жазған арнаулары Ақындардың көп па екен?!
Сен бір әсем тауларыңмен бақыт жайлы кеңесер,
Табиғатың көкте жұлдыз, айды аспанмен теңесер!
Азаттық деп ұрандаған, Ұлытау ол Қаһарман -
Қазағымның соңғы ханы Кеңесары болған жер!
Барша ғалым зерттейді кеп қасиетті жеріңді,
Қастерлейді 90түрлі дертке шипа шөбіңді.
Тіпті, Қаныш Сәтбаев та қазба жұмыс жүргізген
Таң қалдырған, құндылармен болашақты, елімді!
Ұлытауға Елбасыңыз келді бұрып ат басын,
Құрмет тұтып, орнатты кеп монументті хақ тасын.
Тәуелсіздік өзіңменен бір келген боп саналған
Енді Елімді ешқашан да сұм - соғыстар болмасын!
Еліміздің ұлылығын асқақтатар - Ұлытау
Жеріміздің құндылығын кеңге жаяр - Ұлытау
Жас ұрпаққа өнегелі тарихы бар - Ұлытау
Мақтан тұтар қайраты бар, құдіретті - Ұлытау.
Жолаушыны қарсы алып, аңқылдаған - Ұлытау
Қуаныштың шың төбесі сарқылмаған - Ұлытау
Бүкіл қазақ мақтан тұтып, төбесіне көтеріп,
Еселенген шаттығы да артылмаған - Ұлытау.
Туған жердің осындай бір қайсар рухы болғанда,
Ел үмітін ақтауды сен - Жас өрендер арманда!
Ұлытаудың ұлылығын ұғынбайтын жан бар ма?
Біз бақытты жандармыз ғой мынау өтпес жалғанда...

●Қарашова Дильназ●

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама