- 05 нау. 2024 04:33
- 359
Бақыт деген...
Бақыт деген...
Бақыт...
Бақыт...
Келмейді бақыт дейсің...
Ұшырасаң сәтсіздікке
Бақытсызбын деп тулап
Өз - өзіңді шұқып жейсің!
Бақыт жайлы білемісің сен өзің?
Қолыңдағы бақытыңды көрмейсің.
Мол ақшаны армандайтын сормаңдай..
Бақыттың сен не екенін білмейсің!!!
Бақыт ол - еліміздің амандығы
Адамзаттың бір - біріне адалдығы.
Қатарынан табылсаң сол бақыт қой..
Алланың пейіштегі сүйген құлы.
Бақыт деген - отбасының берекесі
Тұғырлы, биік болған керегесі.
Қазағымда күнде думан, күнде шаттық
Бақыт деген - мерейлі мерекесі!
Бақыт деген - тәуелсіздік тұғырлығы
Бақыт деген - денсаулықтың шымырлығы.
Шешендікті, мәдениетті орнықтырған
Бақыт деген - ана тілдің Ұлылығы.
Бақыт деген - достың дәйім шапағаты
Жүректердің адал ниет, махаббаты.
Ал біреуге бақыт ол - астындағы..
Жүйрік тұлпар, қазыналы қазан аты.
Бақыт деген - біреудің қуанышы
Сол бақытқа қуанған адал кісі.
Ал біреуге бақыт ол - атақ, мансап
Бақыт деуге келе ме мына ісі?
Бақыт деген - дұрыс сөйлеу, дұрыс ойлау
Бақыт деген - отбасыңмен бірге тойлау.
Ал біреуге бақыт ол - дүние, ынсап
Араңдатқан ақшаға көзі тоймау.
Ақша деген не ол?!
Қолдың кірі.
Бүгін бар, ертең жоқ қой
Көзі тірі.
Қу дүниеге, боқ байлыққа қор болмайық.
Шын бақытпен өлшенбейді бірден бірі.
Адамдар - ай, пендемізғой қателескен..
Жаңылмайық.
Ойланайық.
Қателеспең.
Сол бақытың, осы сәтің
Ұғынғайсың.
Сабақ алып, ес түзейік -
Қателі істен.
Бақыт деген - әр ісіңде, әр күніңде.
Бақыт жоқ деп
Болмайды түңілуге.
Бәрін қойшы, бақыт деген жер жүзінде
Жығылсаңда, тұр орныңнан
Жәй - КҮЛІМДЕ.
●Қарашова Дильназ●
Бұл ғаламда шынайы бақыт - тек қана күлімдеу. Сенің күлген бейнеңнің өзі қанша адамға бақыт сыйлайтынын білсең ғой. Бірақ, кей кезде көңілің бір сәтте найзағай жарқ еткендей бұзылып кетеді. Қабағыңнан - қар, кірпігіңнен - мұз қататын да жағдайлар кездеседі. Себебі бұл - өмір. Адамның өмірдегі басты құндылығы - адамгершілігі. Дүйім пенде жұрты өмір таразысынан кіршіксіз пәк махаббатымен(ол отанға болсын, ата - анаға болсын, құрбыға болсын, бауырыңа болсын, жан жарыңа болсын) және адамгершілік деген ұлы қасиетімен өлшенеді. Себебі, адамзат баласының жүрегінде - күнәсіз, кіршіксіз пәк махаббат орнықса, ол - патриот та, жүрек назымен шертетін ақын да, батыр да бола алады. Себебі, жүректегі Отаншылдық махаббат біздің - Отанға деген сүйіспеншілігімізді білдіреді. Жүрек түкпіріндегі толассыз толқындалған махаббат - біздің нәріміз. Ал адамгершілік қасиеті нық орныққан жерде - кішіпейілдік те, мейірімділік те, қамқорлық та, жақсылық та болады. Ал мен оған сенемін. Ал сіз үшін бақыт деген не? Өмір тарасызы немен өлшенеді? Алып салмақты алатын қандай қасиет? Маған өзімнен гөрі сіздердің тың - тың ойларыңыз маңызды! Пікірде бөлісейік!