Тілім менің - тірлігімнің жалғасы
Сабақтың тақырыбы: «Тілім менің - тірлігімнің жалғасы»
Сабақтың мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі қағаздар, ребус.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
Құрметті тыңдаушылар, бізде қандай мереке болып жатқанын білесіздер ме?
Иә, қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының азаматтық парызы. Қазіргі қазақ тілі - дамыған тіл. Мағжан Жұмабаев - «Тіл - адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның қор болғаны» деген екен. Тіл – тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы. Тіл – әрбір елдің, ұлттың мақтанышы. Тіл - тәуелсіздік тірегі.
Сонымен бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Тілім менің - тірлігімнің жалғасы»
Сабағымыз 5 кезеңнен тұрады:
1 - кезең. «Кім жылдам» Мақсаты: Әріптерді құрастырып, мақалды табыңыз.
2 - кезең. «Сен білесің бе?» Мақсаты: тыңдаушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез жауап беруі тиіс
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл - қай тіл?
2. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
3. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
4. Наурызда қандай дәстүрлі тағам әзірлейді?
5. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қай күні тойланады?
6. Ұлттық валюта қалай аталады?
7. Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері кім?
8. Конституция күні қай күні тойланады?
9. Абай кім?
10. Наурыз мерекесі қай күні тойланады?
СЕРГІТУ СӘТІ «КЕСЕК ҚАР» ОЙЫНЫ
3 - кезең. «Бәрін білгім келеді» Мақсаты: мәтінді оқып, асты сызылған сөздердің синонимдерін табыңыз.
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151 - I Қазақстан Республикасының Заңы 2008. 21. 11.
4 - бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iсқағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық - техникалық жағдайларды жасауға;
қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге
мiндеттi.
Қазақ тіл туралы бірнеше деректер.
«Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» деген сөзінде неше әріп бар?
Ең қысқа өзіндік мағынаға ие болатын сөз.
1. Қазақ тіліндегі ең ұзақ сөз — 33 әрпі бар «қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» сөзі, ал ең қысқа өзіндік мағынаға ие сөз — «у».
2. Бүгінгі таңда қазақ тілі – 16 197 000 сөйлеушісі бар тіл. Қазақ тілі бұл жағынан әлемдегі ірі 40 тілдің қатарына енеді. Қазақ тілі сөйлеушісі көп ең ірі бес тілдің қатарына кіріп отыр.
Қай мемлекет қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қабылдады?
3. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақстан Республикасы – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қабылдаған бірден - бір мемлекет. Әлемде 95 тіл мемлекеттік тіл болып табылады. Ал 56 мемлекет ағылшын тілін мемлекеттік тіл ретінде таныған, ал француз тілі – 30.
«Ң» әрпінен басталатын қандай сөз білесіздер?
4. «Ң» әрпінен басталатын жалғыз, бірақ әдеби нормаға әзірше енбеген сөз — «ңөң» («мұзтау», «айсберг» сөздерінің синонимі). Ресми қолданысқа түскен жазба — есімі көпшілікке аян сатирик Оспанхан Әубәкіровтің «Ңөң» өлеңі. Қазақ тілінде «ң» әрпінен басталатын сөз жоқ деп айтылып келеді. Десе де қазақ әдебиетінің классигі, сатира жанрының атасы саналатын Оспанхан Әубәкіровтің «Ң» әрпіне арнаған «Ңөң» атты өлеңі барын білесіздер. Ол осы өлеңі арқылы «айсбергті» қазақша «Ңөң» деп атауды нақты деректермен дәлелдеп берді.
4 - кезең. «Қызықты ұйқастар» Мақсаты: әр тыңдаушы жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
1. Жизнь - өмір, уголь - көмір.
2. Число - сан, кровь - қан
3. Колыбель - бесік, дверь - есік.
4. Шаг - қадам, человек - адам.
5. Таможня - кеден, пол - еден.
6. Дело - іс, зуб - тіс.
7. Возьми - ал, мед - бал.
8. Народ - халық, рыба - балық
9. Жди - күт, молоко - сүт
10. Город - қала, ребенок - бала.
5 - кезең. «Ойлан тап!» Мақсаты: Ребусты шешіңіз.
Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ.
Тіл – ақылдың өлшемі.
Қорытынды:
Ана тілі – әр халықтың төл белгісі. Сондықтан да ана тілімізді құрметтей білейік!
Бүгінгі«Тілім менің - тірлігімнің жалғасы» атты ашық сабағымыз осымен аяқталды. Бұл сабақта өздеріңіз көріп отырғандай көптеген тіл туралы мақал - мәтелдер, тапсырмалар, орындалды. Сіздерге бүгінгі ашық сабаққа қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.
Ақмола облысы, Бурабай ауданы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Г. Шакаримова