Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ұлт тарихындағы ұлы белес

Тоқсан жолдың торабындай тарихы бар еліміздің, тұғырлы тәуелсіздіктің алтын бесігінде тербеліп келе жатқанына биыл отыз жыл толып отыр. Атаның қанымен, ананың жасымен келген тәуелсіздік жылдарында еліміздің іргетасын қалап, болашаққа деген нық сеніммен адымдай алатындай мемлекет құру біз үшін жауапты кезең болды. Отыз жылда ел танымастай болып өзгерген еліміз – қазіргі таңда әлемнің үздік мемлекеттерінің қатарын толықтырып, кемелденген мемлекет ретінде көрініс беріп тұр. Әрине, қазақтың бір-біріне демеу болған бойындағы асыл қасиеттері мен Елбасымыздың сындарлы саясаты арқасында тәуелсіздік жылдарында осындай жетістіктерге жете алдық.
Бүгінде Қазақстан толығымен өзгерді. Жалпы, экономикада, бизнес саласында, ұлттық қауiпсiздiк, шет мемлекеттермен байланыс барлығы жоғарғы деңгейге жетті. 2012 жылы елiмiз бәсекеге қабілетті 50 мемлекет катарына кірсе, 2015 жылы 30 қарашада Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі болды. Ал, 2017 жылы Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында ең алғашкы болып халыкаралык «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізді. Сол арқылы дамып келе жаткан еліміздің мол мүмкіндігін әлем жұртшылығына паш етті!

Тәуелсіздік біз үшін еркіндік сөзімен пара-пар. Мүмкін, кейбір жандар үшін бұл екі сөз де бірдей мағынаға ие болар?! Тәуелсіз күн деп қара түнексіз ашық аспан мен сол көгімізде желбіреген туды айтар едік. Ал еркіндік ұғымына  сол көк ту астында бас қосқан халықтың өз атамекенінде қоян-қолтық өмір сүріп, өз ойларын еркін жеткізе алуын, әр кезде өзі қалаған тұсқа ат шаптырып, қалаған мақсаттарына қол жеткізе алар мүмкіндігі болуын жатқызамыз.Осы екі ұғымды қазақ атты халыққа уызға жарытқандай етіп таттыру еркіндік жолындағы күрес жүргізген батыр бабалардың аңсаған арманы еді. Ал бүгінде еліміздің ешкімге дарымас ерекше сипаты, өзіндік бай тарихы, сыр шертер даласы мен ұлы тұлғалары, түркі мәдениеті мен өркениетінің жарқын көрінісімен бүгінгідей қалыптасқан өзгеше өркениеті және ауыз толтырып айтарлықтай жектен жетістіктері бар. Еліміздің ендігі мақсаты келешек жолында жанын құрбан еткен боздақтардың алдында жауапкершілікті сезіну арқылы елімізді биік белестерге жетелеу. Тәуелсіздіктің туын одан ары жоғары ұстап, елімізді алдағы кезеңде тұғырынан тайдырмау – боздақтардың жанын қиған ерліктеріне арнаған алғысымыздың ең бағалысы болмақ!

ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің 1-курс студенттері:
Тұрғанбек Бағлан
Телибаева Алтынай
Павлик Олжас
Қыдырғазықызы Аружан
Сағатбек Дания
Тұраққазы Аққу
Тілесхан Аружан

Жетекшісі: Кудайбергенов С. Е.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама