Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Ұлытау облысы Білім басқармасының марқұм шенеунігі сотқа тартылуда

Ұлытау облысы Жезқазған қалалық сотында облыстық білім басқармасының бұрынғы басшылығы мен бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қарала бастады. Алайда сот процесі басталмай жатып, қорғаушы тараптың талаптарына байланысты үзіліс жарияланды.

Айыпталушылар кімдер?

Іс бойынша сотқа тартылғандар:

  • Сапура Сейдуалина Төлекова – Ұлытау облысы Білім басқармасының басшысы
  • Жансая Қобыландықызы Бейсембаева – басқарманың бухгалтері
  • Гүлнара Егінбайқызы Оспанова – басқарма басшысының бұрынғы орынбасары (марқұм)

Оларға Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша айып тағылған.

Қорғаушы: «Марқұмның ісі сотта қаралуы мүмкін емес»

Сот отырысында марқұм Гүлнара Оспанованың қорғаушысы М.М. Төлегенов соттың шешімін сынға алды.

"Өмірде жоқ, дүниеден өткен адамның ісін сотта қарау не деген сұмдық? Күдікті қайтыс болғаннан кейін оған қатысты іс дереу тоқтатылуы тиіс еді. Сонда енді сот оның аруағын шақыра ма?" – деді адвокат.

Сот процесі қорғаушылардың қосымша талаптарын қарастыру үшін кейінге шегерілді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама