Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін қаржылық тұрақтандыру үшін жаңа өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, заң жобасы мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыруға бағытталған екі негізгі бастаманы қамтиды:

  • Қызметкерлердің жарналарын есептеу базасының жоғарғы шегін арттыру
  • Мемлекеттің МӘМС жүйесіне жарна төлеу мөлшерлемесін ұлғайту

Жаңа өзгерістер кімдерге әсер етеді?

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жарналарын есептеу үшін ең жоғарғы шек қазіргі 10 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) 50 ЕТЖ-ға дейін көбейеді.

Бұл өзгерістер 508 мың адамға, яғни барлық жалдамалы жұмысшылар мен олардың жұмыс берушілерінің шамамен 9%-ына ықпал етеді.

Министрдің айтуынша, қазіргі жүйеде табысы жоғары азаматтар өз табысына сай жарна төлемейді, бұл әділетсіздікке алып келеді. Сондықтан жаңа өзгерістер енгізу қажет.

Министрлік бұл бастама МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді және азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартады деп есептейді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама