Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
"Ұры жүйенің идеологы": Серік Әбдірахманов Алтынбек Сәрсенбайұлы туралы не айтты?

Саясаткер, бұрынғы депутат Серік Әбдірахманов марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының саяси қызметіне қатысты өте өткір пікір білдірді. Ол бұл туралы "Qazaq Airan" YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Ұры жүйенің идеологы"

Сұхбат кезінде Серік Әбдірахманов Алтынбек Сәрсенбайұлына қатысты өзінің ойын ашық жеткізді. Оның айтуынша, марқұм саясаткер елдегі "ұры жүйенің" қалыптасуына идеологиялық негіз салған.

"Мен Алтынбекті қатты сынайтыным – ол ұры жүйенің идеологы болған адам. Осы ұры жүйені қалыптастырды. Содан кейін Заманбек. Ол өлер алдында жазған бір жазуы бар ғой, сонда халықтан кешірім сұраған. Міне сол үшін. Соның ішінде Алтынбек белшесінен батып отыр", - деді Әбдірахманов.

"Жас Алаш" газетінің тағдыры

Сұхбат барысында Серік Әбдірахманов "Жас Алаш" газетінің жекешелендірілуі мәселесіне де тоқталды. Ол басылымның небәрі 200 мың теңгеге сатылып кеткенін айтып, мұны да Сәрсенбайұлының әрекеттерімен байланыстырды.

"Егер осы дүниеге Алтынбек тіріліп келсе, менен кешірім сұраудан бастайды", - деп қорытындылады саясаткер.

Жаңалықтар

Жарнама