Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Үй құстарына жем береміз
Батыс Қазақстан облысы,
Жаңақала ауданы, № 7 бөбек балабақшасының тәрбиешісі
Мусина Ақмарал Сансызбаевна

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің технологиялық картасы.
Тобы: «Айналайын» I кіші тобы
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Үй құстарына жем береміз
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Дамытушылық: Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: Құстармен таныстыру.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ жауап, әңгімелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: Тауық, әтеш, балапан, қаз, үйрек.
Билингвалды компанент: Құстар - птицы, үй құстары - домашние птицы.

Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Шаттық шеңбер.
Мен қанатты жазамын,
Суға жүзіп аламын.
Суда жүріп жүземін,
Он қанатты бір қағып.
Сол қанатты бір қағып,
Қанатымды қатайтып,
Мен анамдай боламын.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
Балалар бүгінгі оқу іс әрекетінің тақырыбы «Үй құстарына жем береміз»
Құстар екіге бөлінді. Олар: дала құсы және үй құсы болады.
Дала құстарына: торғай, қарлығаш, көгершін.
Үй құстарына: тауық, әтеш, қаз, үйрек.
Дала құстары ағаштың түбіндегі құрт құмырсқамен қоректенеді. Ағаштардың жақсы жайқалып өсуіне, түрлі жәндіктердің тазартуына көмектеседі.
Үй құстары үйде бағылады, адамның көмегін қажет етеді. Үй құстарына біз жем береміз, сендерге жемді көрсетейін. Мынау жем.
Үй құстарының жұмыртқасын жейміз, мамығынан көпшік жасаймыз.
Ал енді құстардың дене мүшелерін атайықшы?!
Құстардың денесі, басы, тұмсығы, қанаты, аяғы болады.
Балалар құстың дауысын айыра аласыңдар ма? Ендеше тыңдап көрейікші.
Балалар құс туралы тақпақ білесіңдер ме?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама