50/50 әдісін пайдаланып қалайша көбірек есте сақтауға болады
Мәтінді дұрыс қолдану мағынасыз құрғақ жаттай беруден пәрмендірек.
Әдістің мәні неде
Ақпаратты қажетті кезінде еске түсіру оңай болуы үшін оны әуелі дұрыс құрылымдап, өзіңіз білетін нәрселермен байланыстырып қою керек. Сондай-ақ, практикада қолдану арқылы, материалға мейлінше жиірек оралып тұру да маңызды.
Уақытыңыздың тек 50% ақпаратты оқып танып білуге, ал қалған 50% — оны өңдеуге жұмсаңыз.
Кітаптағы ақпаратты есте сақтап қалу үшін оны түгел оқып шығу аздық етеді. Тіпті екі немесе үш қайталап оқып шықсаңыз да. Сондықтан, уақытыңызды зая кетірмей, оны бір күнде еңсеруге тырыспай-ақ қойыңыз.
Бірнеше тарауды оқып шығыңыз да, қалған уақытты оларды біреуге қайталап айтып беруге және талқылауға немесе біліп алған түйінді ойларды жазып қоюға жұмсаңыз. Осылай істесеңіз, оқығаныңызды әлдеқайда жақсырақ есте сақтайсыз.
Бұл неге іске асады
Жасалған зерттеулерге сәйкес оқушылар, егер оқып білгенін тез арада пайдаланса немесе басқа біреуге түсіндіріп берсе, ақпараттың 90% жуығын есте сақтайды.
Мидыдың зейін арттырып, материалды таразылап және оны қайта тұжырымдау керек болғандықтан осылай болады.
Америкалық журналист және публицист Дэниел Койл өзінің кітабында он бет оқып, кітапты жауып қойып, оқығанын бір қорытып алатындар, дәл сол он бетті арты-артынан 4 рет оқып шығып, әйтеуір еске сақтап қалуға тырысатындардан ұзақ уақыттық перспективада материалдың 50% немесе одан көбірек мөлшерде есте сақтап қалатынын айтады.
Бар гәп салынатын күште: ақпаратпен жұмыс істегенде ол неғұрлым көп болса, оқып білу үдерісі соғұрлым жақсы өтеді.
Үстіртін, жанамалы түрде ғана оқу мен құр қайталай беру сізден ештеңе талап етпейді. Ал кей жерлерін жазып алып отыру мен қайталап айтып беру үшін түйінді тұстарды анықтап, оларды өңдеу және реттестіріп отыру керек.
50/50 әдісін қалай қолдану керек
Конспекті жазыңыз
Жаңа бірдеңе біліп алған әр кезде, жақсы бір кітаптың бір тарауын оқып шыққанда немесе маңызды бір дәрісті тыңдағанда бірер минутыңызды қиып, түйінді идеяларды жазып қойып жүріңіз.
Одан да жақсысы — оқу барысында білгенді қысқаша жазып қойып отыруға өзіңізді мәжбүрлеу.
Оқып білгеніңізге қайтып оралу арқылы сіз ұмыту үдерісін үзіп, мыйыңызға жаңа ақпаратты тоқып қоюына көмектесесіз. Психологтар оны тестілеу эффекі деп атайды.
Оқып үйрену пәрмендірек бола түсуі үшін жазбаларыңызда қағаз бен қалам арқылы істеңіз. Ғалымдардың айтып сендіруінше, бұл пернетақтаны пайдаланғанмен салыстырғанда, оқып жатқан материалмен күштірек когнитивтік байланыс орнатады. Бұның себебі біз пернетақтада тыс тез теріп, мый ақпаратты сіңіріп үлгере алмайтындығында. Қолдан баяуырақ жазып жүре берейік, есесіне біз көбірек және жақсырақ есте сақтаймыз.
Материалды басқаларға түсіндіріңіз
Өзіңіз тақырыпты әлі онша түсінбей тұрсаңыз, қобалжымаңыз және оны қанша адамға қайталап айтып беруіңіз керек екеніне бас қатырмаңыз. Бұның мүлдем маңызды емес. Бастысы — оқып жатқаныңызға және оны басқаларға қалай жеткізіп бөлісетініңізге зейін қойыңыз.
Блог жүргізе бастап, өзіңіз біліп алған жаңа идеяларды жазып отыруға болады. Подкасттар жазып немесе видео түсіріп, білгеніңізді Youtube-те бөлісіңіз. Оқырмандарыңыз бен тыңдармандарыңыздың бары-жоғына қарамай, сіз ілгерілеп жатқаныңызды (прогрессті) байқайсыз.
Бұл тәсілдің америкалық физик Ричард Фейнманның техникасымен ұқсас жері көп. Ол кванттық физика секілді күрделі тақырыптарды жалпақ тілмен түсіндіріп бере алатын қасиетімен танымал. Оның оқытып үйрету тәсілі адамдарға білімді мейлінше қарапайым сөздер арқылы беруде тұр. Осылайша олқы тұстарыңызды жылдам анықтап, әлі нені түсінбей тұрғаныңызды көруге болады. Басқаша айтқанда, сіз өзіңіз үшін басқаларды оқытасыз.
Оқуға кеңес береміз:
Есте сақтауға арналған бұл 7 әдіс ой-өрісіңізді кеңейтеді
Есте сақтау, зейін салу және ой жинақтауға пайдалы 10 азық
Миыңызды жұмыс істеуден бас тартқызатын себептер
Зердеңізді дамытатын пайдалы 7 дағды
Миға пайдалы және зиянды өнімдер
Жаңа мәліметті еске сақтаудың үздік әдісі