Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Әдеп үйірме сабағының күнтізбелік жоспары
Бағдарламаның авторы: «И. Искандеров атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Асипова Русиям Касимовна
Әдеп 3 сынып
Әдеп үйірме сабағының күнтізбелік жоспары
Түсінік хат
А) Әдептіліктің жеке адам өмірінде алатын орны:
Әдептілік қағидалары — мінез - құлық нормасы болып табылады. Ал, мінез - құлық - адам бойына сүтпен кіріп, сүйекпен шығатын қасиет. Олай болса, оқушыны әдептілікке жастайынан баулу керек.
Әуелі оқушы әдептіліктің не екенін жақсы біліп, ол жайында жеткілікті түсінікке ие болуы қажет. Адам әдептілік туралы дұрыс түсінік пен білімге қанық болғанда ғана оның нормаларына бой ұсынудың қажеттілігіне көз жеткізеді. Әдеп белгілі бір қоғамның рухани қажеттігі негізінде пайда болып, өзіндік белгілері, сипаттары арқылы сол қоғамды құрайтын адамдарды біріктірудің қуатты құралы қызметін атқарады. Демек, әдеп - қоғамдағы келісімді іс - қимылды ажарландыратын тетік, адамдар арасын адамгершілік негізде байланыстыратын қоғамдық. құрал. Сондықтан да адамның әдептілігі оның адамдар арасындағы жүріс - тұрысынан, басқалармен қарым - қатынасынан көрінеді. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ. Қоғамдағы ең бағалы
адам - әдепті адам. Әдепті оқушы - қоғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы да бақуатты болады.

Бағдарламаның атты: «Әдеп».
Бағдарлама 3 - сыныптарға арналған. Аптасына 1 рет. Сағат саны 34.

Бағдарламаның мақсаты:
А) Білімділік: Әдептілік ережелері, адамгершілік қасиеттері туралы түсінік беру.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділіктерін, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту
Б) Тәрбиелік: Сыйластыққа, бір - бірімен жақсы қарым - қатынас жасай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Бағдарлама бөлімдері:
І. Мектепте өзіні - өзі ұстау тәртібі
ІІ. Достық қарым - қатынас
ІІІ. Адамдармен жақсы қарым - қатынас
ІҮ. Сөйлесу әдептері
Ү. Басқаны түсіну
ҮІ. Еңбексүйгіштік
ҮІІ. Тазалық және әдемел

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама