- 05 нау. 2024 00:28
- 241
Әже ұлағаты
Мақсаты: Оқушыларды әжесін сыйлауға, аналарды құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін сіңіру.
Көрнекіліктері: Слайд, интерактивті тақта
Түрі: сайыс
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Құрметті әжелер, армысыздар,
Бәріңіз де есен-саумысыздар.
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде.
Үлкен кіші, жасыңыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді әжелер
Гүл - гүл жайнап біздің мынау төрімізге.
Немере үшін ең мейірімді жан – әже. Ақ сүт берген аналардың анасы – әже. «Жан жүрегім, жарығым» деп немересін, шөбересін жүрегіне теңейтін де әже. Олай болса қадірменді қауым әжелердің ақ тілегі көпшілік үшін тәбәрік деп ойлаймын.
Әжемнің саясында ер жеттім мен
Аялы ақ бесікте тербетілген
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаймын айналсам да жер бетінен.
Әжелеріміздің қадамы құтты болып, мәртебесі биік болсын деп тілектестік білдіре отырып, әже мен немерелерін ортаға шақырайық. (Таныстырып, әже мен немерені төрге жайғастыру)
І бөлім «Сәлем – сөздің анасы»
(Әже мен немересі өздерін таныстырады)
Әженің үйрететін өнері көп,
Айтамыз ардағы «шежіре»деп,
Халқымның дәстүрі мен өнегесін,
Қалдырар ұрпағына әжелерім
ІІ бөлім «Өнерлінің қолы алтын»
(Әжелер ою ояды, немересі дайындалған оюды жабыстырып дайындайды)
Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана керексіз тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы
ІІІ бөлім «Салт дәстүрді білеміз бе?» Әжелерге сұрақ беріледі.
(Әдет - ғұрыптардың мағынасын айту)
1. Базарлық дегеніміз не?
2. Тоқымқағар қалай тойланады?
3. Байғазы қалай беріледі?
4. Сүндет той қай кезде жасалады?
«Кім жылдам?» Оқушыларға сұрақ беріледі.
1. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата
2. Қазақстан Республикасының әнұранының авторларын ата
3. А. Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз» өлеңіндегі 5 жақсы қасиетті, 5 жаман әдетті атап бер
4. Ең бірінші балаларға мектеп ашып, оқуға шақырған кім?
V бөлім «Өнерлі өрге жүзеді»
( Өнерлерін көрсету)
Сағынтып талай жыр туар,
Оралар әлі сан жыршы
Даламның иісі бұрқырап,
Қарттарым аман - сау жүрші!
VІ бөлім «Сыр сандық»
(Әжелер бата айтады)
VІІ бөлім «Жүректен жүрекке»
(Немерелер әжелеріне өзінің ыстық лебізін білдіреді)
VІІІ бөлім Қорытынды
(Әжелерді марапаттау.)