Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әке - асқар тау
Эссе
Әке - асқар тау
Әке - асқар тау. Отбасында әкенің алатын орны бөлек. Әке сол шаңырақтың бар ауыртпашылығын көтеретін асырап бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам.
Қазақ қоғамында әкенің алатын орны ерекше. Олай болатыны отбасын материалдық игілікпен қамтамасыз ету баланы сүндетке отырғызу, ұлды үйлендіріп отауын тігіп, еншісін беру, қызды орнықты жерге ұзату, балаларына білім алуға мүмкіндік жасау сияқты мәдени-әлеуметтік маңызды жайттар әкенің мойнындағы үлкен міндет. Осымен байланысты әкені сыйлау, құрметтеу, оған қарсы келмеу отбасылық әдемі тәрбиенің белгісі деп ойлаймын.
Отбасы тәрбиесінде әке ұл балаға, шеше қыз балаға жауапты болады. Сондықтан халқымыз “Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде” деген. Менің ойымша қазіргі қоғамда отбасындағы әкенің орны, беделі төмендеп кетті. Аналардың рөлі бірінші орынға шығып, ұлдарына айбарын көрсетіп жұбайына нық сөзін айтатын жігерлі жігіттер қатары азайды.
Қазіргі қоғамда әкенің орны төмендеп кетуінің себебі, қазір көп ер азаматтар жоғарыда айтып өткендей жауапкершілікпен, міндеттерді орындаудан қашады. Ал сондай жағдайда қай әйел заты ол ер азаматты керек қылады? Әрине ондай жағдайда әйел адам ешқандай еркекке тәуелді емес екенін көрсете біледі.
Қазір көбінесе отбасын асырап отырған жалғыз басты әйелдер, немесе күйеуінің жұмысы жоқ әйел заты сол отбасыны асырау міндетім деп біледі. Сондай кездерде жауапкершілікпен міндеттерден қашатын ер азаматты кім сыйлап, кім төріне отырғызады? Сол себепті де қазіргі әкелермен бұрынғы әкелердің орны мен беделі жермен көктей.
Қорыта келгенде әр отбасында әке мен ананың міндеті өз орнымен орындалса, сол отбасыдан шыққан қыз бен жігіттерде болашақта жақсы отбасының негізі бола алады деп ойлаймын. “Ешбір әке баласына жақсы тәрбиеден артық ештеңе бере алмайды” (Хадис шәриф) айтқандай. Бала отбасында әкенің жауапкершілік пен үлкен міндеттерін көріп, соны санасына құйып өссе олда өз отбасындағы міндетін толықтай біліп сыйлы әке болып шығады деген ойдамын. Сондықтан балаларына, жарына бәрін назарымен-ақ түсіндіретін бұрынғы әкелердің рөлін қайтару керек!
Жазған: Джумабаева Айдана

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама