- 05 нау. 2024 04:43
- 612
Әке - отбасы тірегі
Әке - отбасы тірегі
Әке - ең құрметті ұлы есім. «Әке» деген сөзді айтқанда қамқоршың, тіреуің, қорғаның екенін сезесің. Отбасы үшін әкенің орны бөлек. Әке - бала тәрбиесіндегі басты тұлғаның бірі.
Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің рөлі ерекше. Хадис Шариф айтқандай «Әке перзентіне жақсы тәрбиеден артық сыйлық бере алмайды». Себебі бала тәрбиесінде әкенің берері мол. Әке бала үшін жүріс - тұрысы, өзін - ұстауы, сөйлеуі арқылы үлгі өнеге. «Әке көрген оқ жонар» демекші балаға деген қарым - қатынасы мен сүйіспеншілігі арқылы өз бойындағы жақсы қасиеттерді сіңіре алады. Бала бойындағы батылдық, сабырлық, өжеттілік, мәрттік, өмірдің қиындықтарын мойымай көтеретін табандылық қасиеттері әке арқылы қалыптасады. Бүгінгі бала - келешек әке, ал оны тәрбиелеу ата - ананың міндеті. «Әкенің баласына ғылым, адамгершілік және өнер үйретуі парыз»,- деп Мұхаммед Бағдади бекер айтып кетпеген.
Менің ойымша, ең мықты ұстаз әке. Кезінде Д. Герберт «Бір - әке жүзден астам ұстаз деген сөз»,- деп айтқан екен. Әрбір баланың жетістікке жетіп, қоғамда өз орнын тауып, жеке тұлға болып қалыптасуына әкенің атқарады еңбегі ерекше. Әке қолдауы, сүйіспеншілігі мен мейірімін сезініп өскен келешек ұрпақтың болашағы да жарқын болмақ. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын да - әке. Әке өсиеті мен тәлім - тәрбиесінің маңызы ерекше. Әкенің беретіндей білім, ақыл - тәрбие еш бір жан бере алмас.
Қорытындылай келе, әке бала тәрбиесіндегі басты тұлғаның бірі деп есептеймін. Бабаларымыздың «Тәрбие басы - тал бесіктен» дегені тегін емес ау! Бала тәрбиесінде қашанда бей - жай қарамаған. Қазақ отбасында әкенің орны қашанда жоғары саналады. Әкелер мәртебесі биік, асқақ болады деп үміттенемін.
Жазған: Телегусова Гулнара