- 05 нау. 2024 04:43
- 554
Әке - қадірі
Әке - қадірі
Әр отбасы - жеке мемлекет. Бұл кішкентай мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы - әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты деп білемін. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын әке демеу болса, ана - ерекше мейірімділік пен махаббаттың көзі.
Қазақ халқымызда әкенің рөлі біз үшін әрдайым бір нұсқада дәріптеліп келеді. Ол нұсқамыз бәріміз білетін “отбасы тірегі, асыраушысы мен тәрбие тұғыры”. Дегенменде, осы дәріптеу мен мадақтау қазіргі күннің ащыда болсын шындығымен қаншалықты тұспа - тұс келеді? Бала тәрбиесінің жауапкершілгі, әке мойнындағы парызы. Ал, осы парыз бен жауапкершілік кей кездерде өз деңгейінде атқарылмай қалып жатқаны бізге белгілі. Сәйкесінше бұның бәрі бала өміріне зардабын ғана тигізеді.
“Отбасы құндылығы - әке құндылығы” бұл тіркестенде жәй өтіп кету жарамас. Жауапсыз әкелердің бар екені рас, әйтседе демеуші әке, ақылшы, бала тірегі болып отбасына бақыт пен жайлы өмір сыйлап, қамтамасыз етіп отырған әкелерде жетерлік, бұндай әкелер саны көп болғай…
Әке өсиеті мен тәлім тәрбиесінің маңызы маңызы ерекше. Қанша дегенмен жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі ауадай қажет болып тұрады. Осы сәтте сонау соғыс жылдарында ел алдында ерлік жасаған батыр әкелерімізді еске алғым келеді. Сол бір қиын қыстау соғыс жылдары балалар үшін өте ауыр болғаны хақ. Жау алдына ел үшін күресуге аттанған әкелеріміздің табытпен оралғаны, тіпті дене мүрдесінің қайта келмегені де бастан өткіздік, шарасыз ана, әкесіз қалған жетім балалар. Көңілім құлазыйды, сол күннің дәмін татпағанымызға қуанамын. Тәуелсіз елдің саңлақтары бұл күйді кешпесе, бұл сезімді сезінбесе екен деймін.
Әке қадірін білген адам бұл өмірді мәнді сүрген адам. Әке - қорған, әке - биік қамал, әке қаймығу мен қалжырауды білмейтін, жанының ауырғанын, жанарындағы мөлдір жасын көрсетпейтін құпияға толы қазыналы сандық. Сол сандықтың жанын түсініп, демеу болу біздің парыз.
Жазған: Амырбек Динара