- 05 нау. 2024 04:43
- 416
Әке - құрметті есім
Эссе
Әке - құрметті есім
Әке туыстық терминдер жүйесіндегі түпқазық ұғым, өйткені қазақ шежіресінде жеті атаға дейін санау дәстүрінде санат әкеден басталады. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз.
Әр бала үшін дүниедегі ең қымбат жандар, әрине, ата - анасы. Олар біздің туғанымыздан бастап, қасымызда жүріп, қамқорлық жасап, қолындағы барын бізге берген. Оның ішінде - әкенің орны да ерекше. Әкелерге арналған өлең шумақтары да аз, «Баға жетпес байлығым бағым әкем, Алтын арай шуақты таным әкем». Әкелеріміз
Біздің асыл қазынамыз.
Бала бойындағы жақсылы - жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. «Әкесі сондай адам еді”, “Атасы жақсы адам”, “Көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. Ал әке мектебінен өткен бала сол мұраға қиянат жасамауға тырысқан. Ертеректе еркекті көк тәңіріне теңеген. Ал әйелді жерге теңеген. Күлтегіннің үлкен жазуында «Тәңірідей тәңіріден жаралған бабам Күлтегін истемін қаған» деген жазу осының дәлелі. Қазіргі заманда әкенің отбасындағы рөлінің төмендеуі – қоғамдық дерт. Сондықтан оны мемлекет болып қолға алу керек. Әртүрлі бағдарламалар, кино арқылы насихаттау керек. Дәл қазіргі таңда үйдегі әйеліне сөзін өткізе алмайтын әкенің жігерсіздігінен балалары жасқаншақ, қорқақ, қоғамға пайдасы жоқ болып өсіп келеді. «Жаман әкеден жақсы көрші артық» деген. Әке беделінен айырылып, жүзі кеткен пышақ секілді болып барады.
Мен өзімнің әкем туралы айтар болсам өте көп. Менің әкем өмірдегі еркек атаулыдан да биік тұлға. Оның біздің отбасымыз үшін жасаған жақсы істері аз емес. Бізді ешкімнен кем қылмай, әлі күнге дейін заман талабына сай, керек нәрселерімізді алып беруде. Сондағы бір «жұрттан қалмай өссін»,- деген ниеті ғой. Әкем мені жақсы көретінін ешқашан айтқан емес. Алайда, оның іс - әрекетінен мен әрқашан ол мені бәрінен де жақсы көретінін түсініп келемін. Қыз бала үшін “әке” деген сөздің өзі ерекше. Мен анама қарағанда, әкемді қатты жақсы көремін. Өлең шумақтарындағыдай - «Менің әкем ең жақсы адам».
Қорытындылай келе, әке туралы айтылар дастан да, жырлар да, мақал – мәтелдер де, тіпті алғыс сөздер де көптік етпейді. Бұқар жырау: «Әкесі бар баланың жебесі тастан өтеді.» Сол себепті әкелерді бағалайық.