- 20 ақп. 2020 00:00
- 222
Әкем шоты шапқан сайын өрлейді
Ертеде бір қолынан іс келмейтін олақ адам бар екен. Сонысына қарамастан, ол оны-мұныны істеуге әуес болыпты.
Бір күні әлгі олақ өткір шотпен ағаш шауып отыр екен, қасынан өтіп бара жатқан бөгде біреу оқыс бұрылып, бірден шотқа жармасып:
— Бұл менің әкемнің шоты, сен мұны қайдан алдың? — деп бәле салыпты.
Олақ:
— Бұл өз шотым! — деп өзеурейді.
Ақыры бірін бірі жеңе алмай, қазыға жүгініске келеді. Даукес қазыға олақтың шотын да, шауып отырған ағашын да ала келген екен.
— Тақсыр, бұл менің әкемнің шоты, оған дау болмасқа керек! — депті Даукес:
— Оны қайдан білдің? — депті қазы.
— Оны білгенім, әкемнің шоты шапқан сайын өрлейтін, міне, мына шотта дәл сол қасиет бар екен? — деп әр жері қиқа-жиқа болған ағашты көрсетіпті.
Сөзден жеңілген қазы шотты Даукеске бергізіпті.