- 20 ақп. 2020 00:00
- 198
Картоп — құйрық
Ертеде Еспембет деген шал жұмысы болып ту қырдан Сырға келіпті. Бір үйге түссе, үй иесі оның Еспембет екенін білмей құр картоп асып беріпті.
— Сырдың құйрығының дәмі болмайды, алыңыз, жүрекке тимейді, — депті үй иесі.
Сонда Еспембет, жұдырықтай бір картопты алақанына салып тұрып:
— Е-е, жарықтық, қырдың мол етіне бармайсың, Сырдың кәдесінен құр қалмайсың, — деп жей беріпті.
Үй иесі оның тегін кісі емес екенін біліп, ет асып беріпті