Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Мақамбеттің тергеушіні алдағаны

Мақамбеттің үстінен тергеушіге арыз түседі. «Айыпкерді тексеруге кісі шығыпты, бүгін келді» дегенді естіп, Мақамбет атына мініп ауданға аттаныпты. Ауданнан шыққан тергеуші қарсы кездеседі. Тергеуші жөн сұрап:

— Қайдан келесіз? — десе:

— Шыққан жерім артымда қалды, — депті Мақамбет.

— Қайда бара жатырмыз?

— Баратын жерім алдымда.

— Деніңіз сау ма? — деп тергеуші ыза бола сөйлепті.

— Ауру болсам, атқа мініп осылай жүрем бе?

Тергеуші сөзге жарымайтын болған соң, өз жолымен жүріп кетіпті. Сонан алдындағы көрінген ауылға келіп:

— Мақамбет Шөжеев деген кісінің қайда екенін білесіздер ме? — деп сұрапты. Ауыл адамдары:

— Сізге жолда көзі қыли, қара сақалды кісі жолыққан жоқ па? — депті.

— Иә, жолықты.

— Ендеше іздеген Мақамбет Шөжеевіңіз сол кісі.

— Мақамбет ол болса, одан мен жауап ала алмаспын. Онан да әуре болмай ауданға жетейін, — деп тергеуші қайтып кетіпті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама