Photo: Sóc Năng Động (https://www.pexels.com/@soc-nang-d-ng-2150345854) / Pexels
- 02 мау. 2026 12:00
- 23
Алматыда 27 гектардан астам аумақта «Water Garden» атты алып кешен салынады
Алматы қаласының Алатау ауданында Бауыржан Момышұлы мен Саина көшелері аралығында 27 гектардан астам аумақта «Almaty Water Garden» атты көпфункционалды кешен бой көтереді. Бұл жоба қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа демалыс, мәдениет және ойын-сауық орталығына айналмақ.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жобаның басты ерекшелігі – серуендеу жағалаулары, демалыс аймақтары және көгалдандырылған қоғамдық кеңістіктері бар су арнасы болады. Бұл су жүйесінің айналасына заманауи саябақ аймағы қалыптастырылып, қаланың жаңа тартымды нүктесіне айналуы жоспарлануда.
Кешен құрылымы
«Water Garden» кешенінде сегіз түрлі коммерциялық нысан қарастырылған. Олар дүкендер мен бутиктерден бастап, қызмет көрсету, отбасылық демалыс және қоғамдық тамақтану орындарына дейін әртүрлі бизнес форматтарына арналған.
Кешеннің орталық бөлігінде әлемнің түрлі тағамдарын ұсынатын заманауи фудкорт орналасады. Оның жанында концерттер, фестивальдер, кино көрсетілімдері және басқа да бұқаралық іс-шараларға арналған ашық амфитеатр болады.
Отбасылық демалыс және білім беру нысандары
Жобада отбасылық демалысқа ерекше көңіл бөлінген. Кешен аумағында балалар орталығы, мұхиттану орталығы (океанариум) және көбелектер мұражайы салынады. Бұл нысандар қалалықтардың демалыс мүмкіндіктерін кеңейтіп, Алматының жаңа туристік орындарына айналады.
Сондай-ақ, «Water Garden»-нің сәулеттік басты нышаны ретінде қала мен саябақтың панорамалық көрінісін тамашалауға болатын бақылау алаңы бар мұнара жобаланған.
Айта кетейік, бұл жоба «Almaty Invest» тарапынан инвестиция тарту және ірі қалалық бастамаларды жүзеге асыру жұмыстары аясында қолдауға ие.
-
Стало известно о задержании известного казахстанского блогера Кайсара Камзы во Вьетнаме. Министерство иностранных дел подтвердило информацию и сообщило о ходе экстрадиции.