Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 31 минут бұрын)
Алматыда «39 ақпан»: Қазақстандықтар тосын қарға қалай күлкілі жауап берді

Алматыны жапқан қатты қар жұртшылықтың әлеуметтік желідегі талқылауына айналды. Қала тұрғындары мен қонақтары қарлы көшелердің суреттерін бөлісіп, күнтізбеде «39 ақпан» болғанын, яғни қыстың тым ұзаққа созылғанын айтып әзілдесуде.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарлы қала

Таң ата салысымен қала тұрғындары аулалардың, жолдардың және саябақтардың қалың қарға оранған суреттерін жариялай бастады. Біз де қала көшелерін аралап, тұрғындардың көңіл-күйін байқадық. Кейбірі қар арасынан жол тауып асығыс жүріп жатса, енді бірі телефонға түсіріп, ал көпшілігі наурыздың қыстың жалғасы іспетті екеніне көнгендей көрінді.

Бірнеше күн бұрын температура плюс 10 градустан асқанын, көктемнің келгеніне сенгенімізді еске алсақ, қазіргі жағдайға сену қиын. Қаланың қазіргі көрінісі жаңа жылдық фильмнің декорациясын еске салады – әдемі, бірақ желтоқсанға лайық, наурызға емес.

Алайда, бұл қолайсыз ауа райы жол қауіпсіздігіне әсер етті. Көптеген магистральдарда кептеліс пайда болып, көліктер баяу қозғалуда. Кейбір қала тұрғындарының жұмысқа жету уақыты әдеттегіден әлдеқайда ұзаққа созылды. Жүргізушілер тайғақ жолдарда ерекше сақ болып, күрделі ауа райын ескеруі қажет.

Қазақстандықтар не дейді?

Әрине, бұл жағдай да әзіл-оспақсыз өтпеді. Тұрғындар наурыздағы қарлы күн туралы өз ойларымен бөлісуде. Біреулер мұндай ауа райының бұл мезгілге тән екенін айтып, әдемі қар мен қысқы атмосфераны тамашалауды ұсынса, енді біреулер суықтан шаршағанын, көктемнің тезірек келуін қалайтынын мойындады.

Кейбір пайдаланушылар көктемнің бірінші айы екенін «наурызға еске салып» қою туралы әзілдеді.

Instagram желісінде де қаладағы ауа райы туралы әзілдер айтылып, енді біреулер климатқа үйренуге кеңес берді.

Әкімдік не дейді?

Қазгидрометтің мәліметінше, 10 наурызда жаңбыр жауып, кейін ылғалды қарға ұласып, 11 наурыз таңғысына дейін жалғасқан. Осы кезеңде қалаға шамамен 27 сантиметр қар жауған.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, түннен бері қаладағы негізгі магистральдарда қар тазалау жұмыстары жүргізілуде. Техникалар жол полициясының патрульдік көліктерінің сүйемелдеуімен колонналармен жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, шағын техникалар мен коммуналдық қызметкерлер тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жаяу жүргіншілер өтетін жолдарды, баспалдақтар мен пандустарды тазартуда.

«Қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 75 жедел бригада, 2710 жол жұмысшысы және 1225 арнайы техника жұмылдырылды. 200-ден астам көше тазалайтын машиналар жолдарды қар мен мұзға қарсы материалдармен өңдеуде. Өңдеуден кейін техникалар 28 колоннаға бөлініп, магистральдық көшелерді сыпыруға кіріседі», - деп хабарлады әкімдіктен.

Әкімдік қала тұрғындарын сақ болуға шақырады. Жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтауға, ал жаяу жүргіншілерге тротуарларда абай болуға кеңес беріледі.

Сонымен қатар, тұрғындардан қар тазалайтын техниканың жұмысына кедергі келтірмеу және көшелерді жедел тазартуды қамтамасыз ету үшін автомобильдерді жол бойына қоймау сұралады.

Жаңалықтар

Жарнама