Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 49 минут бұрын)
Алматыда көліктерді жұп-тақ күндерімен бөлу туралы ұсынысқа жауап берілді

Алматы қаласының әкімдігі ауаның ластануы жоғары күндері көлік қозғалысын шектеу туралы «жұп-тақ күн» жүйесін енгізу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі өткізген кеңесте ауаны қорғау ережелерін әзірлеу тапсырылған болатын. Оның ішінде ауа райы қолайсыз кезде (АЖҚ) көлік қозғалысын «жұп-тақ күн» жүйесі бойынша шектеу және экологиялық аймақтануды жүргізу туралы тармақтар қарастырылған еді.

Алматыда көлік қозғалысы шектеле ме?

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қалада 30 желтоқсан 2025 жылы қабылданған атмосфералық ауаны қорғау ережелері қолданыста. Аталған ережелерде «жұп-тақ күн» жүйесі бойынша көлік қозғалысын шектеу туралы ешқандай тармақ жоқ.

Сондай-ақ, әкімдік өзге өңірлерде де ауаны қорғау ережелері Алматының тәжірибесі бойынша әзірленетінін атап өтті.

Министрліктің ауа сапасын жақсартуға бағытталған басқа да ұсыныстары бар:

Аталған ұсыныстар министрліктің бірнеше жылдан бері ауа сапасын басқаруда кешенді тәсілді қолданып келе жатқан Бейжіңге сапарынан кейін жасалған.

Бейжіңнің жұп-тақ нөмір жүйесі

Бейжіңнің жұп-тақ нөмір жүйесі – қытай астанасындағы кептеліс пен смогпен күресудің танымал шараларының бірі. Бұл жүйе 2008 жылғы Олимпиада қарсаңында енгізілген болатын: бір күні тек нөмірінің соңғы цифры жұп болатын көліктер, келесі күні тек тақ болатын көліктер жүре алатын.

Олимпиададан кейін жүйе жеңілдетілді. Қазіргі таңда Бейжіңде аптасына алты күн ғана көлік жүруге рұқсат етілген жеңілдетілген нұсқасы қолданылады. Нөмірдің соңғы цифрына байланысты қай күні көлік жүруге болмайтыны анықталады. Билік әрбір бірнеше ай сайын кестесін өзгертіп отырады.

Жаңалықтар

Жарнама