Алтын күз
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып оқушыларының «Алтын күз» тақырыбында жазған шығармалары.
Алтын күз
Күз – бұл ғажайып мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл – күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бір күн шайдай ашылып тұрады. Күзде білім күні басталады. Бұл күнде енді мектеп табалдырығын аттайын деп жатқан балалар қуанады. Бұл күні жалғыз балалар ғана қуанып қоймай, үлкендер де қуанады. Себебі, бұл күнде біздің өмірге деген көзқарасымыз ашылып, әлемді тани бастаймыз.
Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Құстар жылы жаққа ұшып барады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Күзде күн суытып, барлық жан – жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді.
Күздің байлығы – бақшамызда пісіп жетілген көкөністер мен жемістер, малдың әбден семірген кезі. Сонымен қатар күз кезінде қызу жұмыс, қысқа қамданады. Сол себепті әр адам күздің ашық күнін пайдаланып, астығымызды жинауға кіріседі.
Күзіміз неткен керемет. Күз дегеніміз – байлық, молшылық.
Орындаған: Берікұлы Д.,
2Д - сынып оқушысы.
Алтын күз
Адамдар жазғы еккен бақшасын жинап қысқа дайындала бастайды. Құстар жылы жаққа ұша бастайды. Менің анамда тосаптар жасап қысқа дайындалады. Бұл күз мезгілінің басталғанының белгісі. Мен үшін жаныма жақын күз мезгілі. Даланың бәрі сары - ала түске боялады. Күз молшылықтың мерекенің, берекенің мезгілі. Күзде жеміс - жидектер піседі. Жапырақтар қызыл - сары түске боялған. Оларды жинап кептіріп, түрлі композициялар жасауға болады. Балалар мектепке асығады. Үш ай көрмеген достарымен қауышады. Түн ұзарып, күн қысқарады. Дала қоңыр салқын, күннің көзін сирек көреміз. Қызыл сары жапырақтар үлкен кілем төселгендей әсер береді. Сондықтанда бәз «Алтын күз» дейміз. Күз мезгілі өз ерекшеліктерімен керемет.
Хайратбекқызы Айша,
2Е - сынып оқушысы.
Алтын күз.
Алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп - жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады. Алтын түске боялған күзде қоңырау қайта соғылып, балалар мектеппен қауышады. Оқу оқуға жасы жеткен бүлдіршіндер алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, білім нәрімен сусындатар бастауға бас қояды. Ұстаздар да алдарындағы кіп - кішкентай ғұмыр иелерінен таудай тұлға сомадауды ниет етіп, әрқайсысына үміт көзімен қарайды. Оқушылар біліммен сусындап, өмірінің жаңа баспалдағын басып жатса, аспанда құстар қимай ән салып, алыс жақтарға ұзап барады. Қыстағы тіршілікке қамданған тірі жан иелерінің бәрі қыбыр - жыбыр тіршілігін тоқтатар емес. Адамдар да егін орып, астық жинап, қылышын сүйреп келер қыстан шығудың қамын жасауда.
Жапырақтар судырлаған осынау самарқау мезгілде кеудесінде жаны бардың барлығы қызу тіршілікке кіріскен. Оларға қарап тұрып, табиғат та келер көктемде қайта дүр сілкініп, қайта құлпырарын сезгендей еріксіз жымиып, тіршілікке мейірімін төгеді.
Жамел Ерасыл,
3 Б сынып оқушысы.
Алтын күз (эссе)
Міне, мерекелі де берекелі күз келді. Күз — молшылық, байлықтың айы. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Бейне бір жерге сары кілем төсеп тастағандай. Алтын түске боялған күзде балалар мектеппен қауышады. Адамдар еккен егіндерінің жемісін көреді. Егін теріліп, қамба астыққа толады. Күзде жан – жануарларда қыстың қамына кіріседі. Күн суыта бастағанда, құстарда жылы жаққа ұша бастайды. Күз мезгілі қызықты жайттарға толы, нағыз еңбектің қайнайтын кезі. Далада қоңыр күз болса да, адамдардың көңілдері жадыраңқы. Өйткені, барлығы ырысы мен берекесін алып келген алтын күзге риза.
Ералықызы Мерей
3Б сынып оқушысы.
Алтын күз
Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл - күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бірде күн шайдай ашылып тұрады. Күзде білім күні басталады.
Бұл күнде енді мектеп табалдырығын аттайын деп жатқан кішкентай балалар қуанады. Олар үшін бұл күн өте ерекше.
Жалғыз кішкентай балалар үшін ғана емес, біз үшін де бұл күн өте ерекше. Себебі, бұл күнде біздің өмірге деген көзқарасымыз ашылып, әлемді тани бастаймыз. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Жерге алтын кілем төселгендей болады. Арасында шыршалар ғана түсін өзгертпеген. Барлығы әсерлі, өте керемет.
Құстар жылы жаққа ұшып барады, ал балалар аула жұмысын бөлісіп тазалауда. Кейбіреулері жеміс - жидек жинаса, біреулері ауланы түскен жапырақтардан тазартуда. Балалар әрі еңбек етіп, әрі ойын ойнауда. Барлығы көңілді. Жануарлар да қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалуда. Қоян, қасқыр, түлкі сияқты жануарлардың жүндері қалыңдай бастайды. Адамдар да қызу еңбек үстінде. Диқаншылар егіс даласында дән жиса, ауыл адамдары отын, көмірлерін түсіріп, қыстан қысылмай шығудың қамын жасайды. Маған күз мезгілі қатты ұнайды.
Сәбит Нұрай
3Б сынып оқушысы
Алтын күз
Сағындырған күз де келіп жетті. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жер беті алтындай күйге енді. Құтты бір кілем төсеп қойғандай! Жеміс - жидектер де самсап пісіп тұр. Құстар жылы жаққа ұшып кетіп жатыр. Адамдар да жылы киіне бастаған. Маған күз мезгілі қатты ұнайды. Өйткені менің туған күнім де күзде болады. Ата - анам, туыстарым көптеген сыйлықтар сыйлайды. Мен күзді сондай жақсы көремін!
2 «В» сынып оқушысы
Тайтөлеуова Саяжан
Мен алтын күзді ұнатамын.
Ол əлі кішкентай. Ол оны ұнатпайды. Бұл оның көңілсіз күзі. Бірақ барлық адам оны алтын күздейді. Кішкентай сіңілім оны ұнатпаса да, ол бəрібір менің өмірімнің алтын күзі болып қала бермек. Неге? …
Анам мен əкем бізді еркелеткенде "алтын қызым" дейді. Анамның айтуы бойынша, адам өміріндегі ең қымбат дүниесін алтынға баласа керек. Алтын – ең қымбат, асыл металл. Ал адамдардың күз мезгілін алтын деп бағалауының мəні неде? Күзбен бірге таласып, менің өмірімнің маңызды сəті – көңіліме нұр боп құйылатын білім күні келеді. Осының өзін бір себеп деп білемін. Осы жыл мезгілімен бірге білсеңіз жеміс - жидек, көкеніс, дəнді дақылдар өз жемісін береді. Қаншама қаратердің күшімен келген еңбектің жемісі де күзбен тұспа - тұс келеді. Бəлкім сондықтан күзді "алтын" деп еркелетсе керек.
Жапырақтар сарғайып түсіп, даланы алтынмен аптағандай күйге бөлегендіктен күмəнсіз - ол алтын күз болды. Ал мен аяққа жылы шұлық киіп, көрпеге оранып, ыстық шай ішіп отыратын кездер үшін, алтын күз деп бағаладым. Өйткені ол жанға жайлы күз, алтын күз. Бірде ол сіңілімнің де "алтын күзіне" айналатынына сенемін...
2 «Ә» сынып оқушысы
Мәжкен Минура
Сары алтындай, алтын күз.
«Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан» дей отырып, дана Абай атамыз айтқандай салқын лепті, сары алтындай күз де келіп жетті. Дала суытып, күн салқындады.
Табиғат бейне бір қабағын түйіп, реніш білдіргендей. Аспаннан күннің шуағы да қою бұлттар арасынан сығалап тұрғандай. Айнала тым - тырыс. Айғайлап улап - шулап жүрген балалар да көрінбейді. Бір мезетте, күн күркіреп, жаңбыр құйып жіберді. Қатты желден ағаштар бір жылылық іздегендей күй кешті. Халдері аянышты, жаздағы жасыл жапырақтарынан айырылып, сары ала жапырақтары желмен ырғалып жерге түседі.
Япыр - ау, мен қалай мұны көрмегем?. Күздің бір керемет бояуы осы сары ала жапырақтармен сәнделгендей. Жер беті сары алтындай сап - сары. Бейне бір түскиіз жерге жайылып жатқандай. Манағы тыныштық жоғалғандай. Ағаштан - ағашқа секіріп тиін өз ініне жаңғақ тасып жүрсе, басқа жануарлар мен аңдар да өз азығын қысқа дайындап жүр.
Орманнан жоғары өрлеп егіске шықтым. Міне, нағыз қызу еңбек осы арада жүріп жатыр екен. Адамдар жанталасып егін орып, өнімдерін жинауда.
Әне бір жерде апам жанталасып картоп, сәбіз, асқабақ, қызылшаларды жинап жатыр. Барлық балаларда осында. Олар ата - аналарына көмек көрсетіп жатыр.
Мәрлен аға «Еңбектің наны тәтті»-, деп риза болып қояды. Адамдар да қысқа дайындалып жатыр екен.
Күз - жомарт, күз - береке. Иә, күздің атқарар қызметі көп. Бүкіл табиғатты қысқа дайындап үлгеру оңай ма?
Смағұл Жанар Қанатқызы
4 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі: Г. Ж. Жаксыбай
Алтын күз
Күз келді. Айнала құдды бір алтын түске боялғандай. Аспаннан күннің шуағы болар, болмас көрініп тұр. Күн суытып, жаңбыр жауа бастады. Адамдар қысқа дайындалу үстінде. Егіншілер егін егіп, қырманда қызу жұмыс жасауда. Бау - бақшадағы көкөністер мен жемістерді жинап, салат пен тосап, кампот дайындайды.
Жануарлар да өз азықтарын дайындауда. Аю қыста ұйқыға кетіп, көктемде бүршік жарғанда оянады. Борсық та аю сияқты ұйқыға қыста кетеді. Ол тоңбау үшін күз бойы бойына май жинайды. Кірпі болса, күзде бал, саңырауқұлақ, жемістерді жинап өзініне кіріп, қыстай қоректенеді. Құстар да жылы жаққа ұшып кетеді. Бірақ, қыстап қалатын құстар да бар. Оларға қыста жем тауып жеу өте қиын. Сондықтан, біздің қанатты достарымызға қыста жем шашып, ұя жасап көмек көрсетуіміз керек.
Күзде сыңғырлап жез қоңыраудың дауысы барлық балаларды мектепке шақырады. Күз айының ең алғашқы күнін оқушылар бір ыстық сезіммен қарсы алады. Олар білім алуға, алтын ұя мектептеріне сағына жетеді. Маған күз мезгілі қатты ұнайды.
Қуанышбек Бибінұр Қайратқызы
4 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі: Г. Ж. Жаксыбай
Алтын күз.
Орынбаева Гүльфайруз Нұрсыланқызы
4 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі: Г. Ж. Жаксыбай
Әне - міне дегенше, күз де жетті. Оны мен күнтізбеден ғана емес, ауа - райынан байқадым. Далада қатты жел соғып, жаңбыр жауып, күн түнеріп тұрды. Жаздағы көріністерден ештеңе қалмаған. Сондықтан, өз ойымды өлең жолдарымен жазғым келді.
Жасыл жапырақ сарғайды,
Өңі қашты бау - бақтан.
Ертелі - кеш ызыңдап,
Жел соғады жан - жақтан.
Күннің көзі тым алыс,
Қарап едім аспанға.
Мұңды сазбен ән салып,
Ұшып барады құстарда.
Жылы киім киінген,
Адамдар жүр далада.
Жинап алып бау - бақты,
Дайындады тағамды.
Қоңырқай күз біздерді,
Шақырады мектепке.
Білім алып, өсемін,
Ендігі жаз шыққанша...