Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Алтын Орда – Қазақ мемлекеттілігінің тарихи негізі

Жексембиева Анида Данияровна
Профессор Рузуддиновтың медициналық стоматологиялық колледжі
Тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары

Қазақстан Республикасы – Ұлы Даламыздың өткен мыңжылдықтары белестеріндегі әлем өркениеті кеңістігінде өмір сүрген көрнекті мемлекеттердің (Ғұн империясы – б.з.б. III ғ. – б.з. I ғ.; Түрік қағандықтары – 552-704 жж.; Алтын Орда – 1243–1503 жж.; Қазақ хандығы – 1465–1847 жж.) – тарихи мұрагері. Алтын Орда – Шыңғыс хан империясының құрамындағы қазақ және басқа да түркі тілдес халықтардың бірігуімен құрылған түркі империясы. Шыңғыс ханның немересі Жошыұлы Бату Сайын хан басқарған кезеңде (1227–1255жж.) Алтын Орда империясының кең-байтақ кеңістігінде Ресей Князьдіктері, Мәскеу  қаласы, Киев Русі, Балтық теңізінің шығысындағы өңірлер, Польша, Мажарстан елдері, олардың қалалары Краков, Бреслау, Будапешт, Орталық Еуропа, Тракия жерлері, Австрия, Чехия, Словакия, Бұлғарстан, Солтүстік Кавказ, Хорезм, бүкіл Дешті Қыпшақ – бәрі де Алтын Орда құрамында болды. Алтын Орда империясының астанасы Еділ өзені бойындағы  Сарай қаласы (1243ж.), одан кейін Беркехан басқарған кезде Берке Сарайы (Сарай әл-Жадид) болды.

Алтын Орданың  мемлекет құрушы негізі халқы – қазақтың байырғы ру-ұлыстары: қыпшақ, қоңырат, керей, адай, кете, беріш, арғын, уақ, найман, қаңлы, т.б. Империя құрамындағы жалпытүркілік ұлыстар (ноғай, башқұрт, бұлғар, қарақалпақ, хазар, т.б.), славяндар, армяндар, гректер, т.б. – бәрі Алтын Орда заңымен өмір сүрді. Алтын Орда, Бату, Берке хандар тұрысында Шыңғыс хан империясының бас ордасына , ондағы ұлы Құрылтайға тәуелді болды.

 Алтын орданың өркендеуі мына хандар тұсында болды: Мөңке Темір (1266–1280), Тұда Мөңке (1280-01287), Төле Бұқа (1287-1291), Тоқты (1292–1312) , Өзбек (1312–1342), Жәнібек (1342–1357). Алтын Орданың әлем мемлекеттерімен (Туркия, Сирия, Египет, т.б.) саяси-экономикалық, сауда, мәдени қатынастары дамыған. Әлемдік байланыстар үшін «қыпшақтың жазба кітабы» («Кодекс Куманикус») сөздігі жазылып қолданылды. Сөздікте латынша-парсыша-куманша және куманша-немісше-латынша сөздер, жұмбақтар, діни аңыздар қамтылған.

Алтын Орда дәуіріндегі (XIII – XIV ғғ.) әдеби мұралар – (Рабғузідің «рабғузи қиссалары»; Құтыптың «Хұсрау-Шырын» дастаны; Хорезмидің «Махаббатнама» дастаны; Хусам Кәтибтің «Жұмжұма сұлтан» дастаны; Сәйф Сараийдың «Жәдігернама», «Түркіше Гүлстан» дастандары, т.б.), ғалымдардың (Әбу Хайан, ибн Мұханна, т.б.) – құнды қазына жыраулар поэзиясының көсем тұлғалары Сыпыра, Асан Қайғы (XIV – XV ғғ.) хандар мен би-шешендердің халықтың бірлігін мемлекетті сақтауды жырлады. 1502 жылы Шейh Ахмет хан өлгесін Алтын Орда ыдырады. Ыдырау билік иелерінің өзара тартысынан және Ақсақ Темірдің жойқын шабуылдарының себебінен болды. Алтын Орда ыдырап, мынадай хандықтарға  бөлшектенді: Қарым – 1428–1792; Қазан – 1437–1556; Қасым – 1445–1681; Астрахан – 1466-1557; Сібір – 1563-1656; Башқұрт – 1656-1738; Қазақ – 1465-1847. Қорыта айтқанда Алтын Орда – Еуразия кеңістігіндегі қазақ ұлты негізіндегі көшпелілік пен мәдениет тұтастығымен әлемге танылған күрделі сипатты алып мемлекет.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама