Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ана қадірі

  Ана - əлемдегі ең аяулы жан. Əр адам баласы өз анасын жақсы көріп, құрметтеуі тиіс. Себебі, дүниеге шырылдап келген сəттен бастап, анамыз бізді мəпелеп, өз алақанына салып аялайды. Тіпті біз ауырып қалсақ, түн ұйқысын төрт бөлетін де - ана. ''Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен əлемді тербетеді ''- деп бекер айтпаған. Расында да, ананың құдіреті шексіз. Алайда, бүгінгі таңның балаларын мүлдем түсінбей жүрмін. Аналарына мүлдем жаны ашымайды, қолғабыс ету деген ойында жоқ. Əйтеуір ''қарным тоқ, уайымым жоқ'' - деп жата береді.

Айй, жатып ішерлер - ай! Сендер əлі ананың қадірін түсініп жатқан жоқсыңдар. Əр нəрсенің қадірін басыңа іс түссе ғана түсінесің. Міне, ананың да қадірін тұмауратып  ауырғанда жəне өзің де ана болған кезде түсінесің. Ана əрқашанда, баласын алаңдаумен күн өткізеді, мейлі ол жақсы болсын, жаман болсын, сəби болсын немесе жасы келген адам болсын. Ең өкініштісі, қазіргі таңда, көптеген балалар қарт аналарын қарттар үйіне апарып жатыр. Бұл əділдікке жатады ма? Көріп отырғандарыңыздай, анасына жаны ашып, құрметтейтіндер санаулы ғана. Сондықтан да, анамызды сыйлап, құрметтейік, жас шəкірт!!! 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама