- 11 мам. 2019 00:00
- 286
Жер ананы қадірлейік!
Жалпы ''Жер ана'' деген сөзді естіген кезде нені елестетесіңдер? Менің ойыма бірден: табиғат ана, өсімдіктер, жануарлар, адамдар жəне өзімнің туып өскен жерім келеді.
Кей адамдар ''Жерді ана деп атайтын себебіміз - жерде біз өмір сүреміз. Яғни аяғымызды басып жүреміз.''- десе, кейбіреуі ''Біз адамзат топырақтан яғни жерден жаралдық. Сондықтан жерді - ана деп атаймыз.'' - деп жатады. Не себепті жерді анамен теңеп отыр? Мен үшін, ''Жер ана'' - əр халықтың, əр ұлттың кіндік қаны тамып, туып өскен жері. Анамыз бізді қалай аялап, бағып қақса, Жер ана да бізді солай бағып жатыр. Сонымен қатар Жер ана бізге өзінің өнімімен бөлісіп, бір сөзбен айтқанда бізді керек- жарақтарымызбен қамтамасыз етіп отыр десе де артық етпес. Иəə, осы Жер анамыздың арқасында біз түрлі аурулардан аман қалдық. Бəлкім, осылайша біздің өміріміз ұзарып жатқан болар. Кім білсін? Негізі Жер ананы қадірлеу, оны құрметтеу - əр адамзаттың борышы.
Ойлап отырсам, осы адам - табиғаттың, Жер ананың бір бөлшегі екен. Себебі, осы табиғаттың шығуына, Жер ананың пайда болуына біз яғни, адам баласы ықпал етіп отыр. Жер ана - адамзаттың арқасында пайда болды. Қалай пайда болды? Адамзат Жер ананы өз қолынан жасады. Мысалы: ағаш отырғызып, гүлдер егіп, жалпы айтқанда өсімдіктер отырғызу арқылы, Жер ананың пайда болуына үлкен үлес қосты. ''Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.'' - деп бекер айтпайды ғой! Сол себепті, осылай еңбек етіп Жер анаға қол ұшын созсақ, Жер ананың бізге берері көп. Ендеше, Жер ана бар кезде, жоғалып кетпей тұрғанда, қадірін түсінейік достар!!!
Тұрарханова Əсел