Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
«Сіз» деген - әдеп, «біз» деген – көмек
Тақырыбы: «Сіз» деген - әдеп, «біз» деген – көмек
Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
бірлесіп еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру;
өзара сыйластыққа, өзара көмекке, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, түрлі - түсті қағаздан қиып жасалған үйдің макеті.
Шаттық шеңбері:
Балалар мұғаліммен бірге шаттық шеңберін құрады. Барлығы бірге өлең жолдарын қайталайды.
Әдеп
Б. Үсенбаев
Сыйластықты іздеген,
Әдеп сақтар ізгі өрен
Сыпайылық белгісі –
Үлкендерге «Сіз» деген...
Әңгімелесу
а) «Өзара сыйластық» дегенді қалай түсінесіңдер?
ә) Сендер қандай жағдайда, кімдерге көмек көрсетесіңдер?
Мәтінмен жұмыс
Оқушыларға Е. Өтетілеуовтің «Бірлік» әңгімесін оқып беру, мазмұнын түсіндіру, сұрақтарға жауап алу.
1) «Бірлік» дегенді қалай түсінесіңдер?
2) Жалғыз боп істеген жұмыстан, көп болып жасаған істің қандай айырмашылығы бар?
3) Сендер достарыңмен бірлесіп жұмыс істегенде қандай сезімге бөлендіңдер?

Сахналау
Балалар А. Естеновтің «Бес нәрсеге асық бол!» атты өлеңін сахналап көрсетеді.
Қатысушылар: Мұғалім, Қанағат, Рақым, Терең ой, Талап, Еңбек

Жағдаяттарды талдау
Балалардың сабақта түйген ойларын бекіту мақсатында жағдаяттарды талдау ұйымдастырылады.
1. Ұланға әке - шешесі жұмысқа кетерде:
- Балам, біз жұмыстан келгенше сабағыңды оқып болған соң, үйдің айналасын жинастыр, үйге су алып кел,- деп тапсырды. Ұлан сабақ оқып болған соң, үйге оның достары Айдын мен Дидар келіп, Ұланды футбол ойнауға шақырды. Ұлан әке - шешесінің тапсырмасын орындауды, әлде достарының көңілінен шығу керек екенін білмеді.
Сендер Ұланның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
2. Жаңыл өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүр еді. Екеуінің тұсынан көрші үйдегі Гүлнардың анасы дүкеннен келе жатыр еді, Ернар:
- Гүлнар бізбен ойнасын, шақырып жіберші,- деді. Жаңыл інісінің сөзіне
ұялып қалып, Ернарға әлденені түсіндіре бастады.
Жаңыл інісіне не туралы айтты?
3. Бүгін сенбілік. Кеше мұғалім мектепке сыпыртқы, шелек алып келулерін тапсырған. Мектеп алдында барлық мектеп оқушыларына жиналыс болып, әр сыныпқа әр түрлі жұмыстар тапсырылды. 3 - сынып оқушыларына мектеп ауласын сыпыруды және гүлдерге су құю жұмыстары тапсырылды. Сенбілікке сыныптағы барлық оқушылар жиналды. Ұлдар мектеп ауласын сыпырып, ал қыздар гүлге су құйды. Сынып жетекшісі балаларға қызыға қарап тұр. Балалар өздеріне жүктелген жұмысты ұйымшылдықпен тез әрі ұқыпты аяқтады.
Бұл сыныпты қандай сынып деп ойлайсыңдар?
Дәйексөз
«Көп жүрген жер - көңілді,
Көп еңбегі - өнімді»
Ойын – жаттығу
Мақал - мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою.
1. Көпшіліктен береке кетпес,
Берекеден.......... кетпес. (мереке )
2. Бірлік бар жерде,.......... бар (тірлік)
3. Татулық – табылмас......... (бақыт )
4. Игілік басы –............. (ынтымақ)
5. Бірлігі....... ел тозады, (жоқ)
Бірлігі....... ел озады. (күшті)

Жаңа ақпарат
Адамдар арасындағы ізгілік, сыйластық қарым - қатынасынан әдептілік туады. Әдепті адам биязы, сыпайы, инабатты, ізетті, тәртіпті болады.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма
Өлеңді оқыңдар. Өлеңнен түйген ойларыңды жазыңдар.

«Сіз», «біз» деген жылы сөз
Ө. Тұрманжанов

«Сіз», «біз» деген жылы сөз – Баршаға керек жақсылық!
Жылытады жүректі. Қызғанбай бөліп алыңыз!
Жақсылық билеп жанды тез, «Сіз», «біз» деген жылы сөз –
Оятады игі тілекті. Жақсылықтың мейірі.
Біреуге біреу жақсылық, Бір - біріне болып көз,
Тілесе әркез жаны ашып, Кең болсын адам пейілі!
Осы бір шырын – тәттілік,
Тұрмай ма жанға жарасып?!
Қорытындылау
Әрбір адам «Сіз» бен «біз» туралы ұмытпаса, оны өмірде қолданса, онда барлық адамдар бір - бірімен жарастығын, сыйластығын табады, әлемде тыныштық орнайды, бейбіт, бақытты өмір болады.
Жүректен – жүрекке
Балалар достық шеңберін құрады.
А. Естеновтің «Әдеп» атты өлеңін оқиды.

Әдеп, ізет, иба да – Әдеп - алтын сабырың,
Шарайнасы жаныңның Жетелейтін мұратқа
Әдептіні сыйла да, Әдеп - талап, жалының,
Тәңіріңдей табынғын. Ақ желкенін құлатпа.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама